СҚО да педагогтерге іссапар шығындары төленбей келген

07.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

СҚО прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы орган еңбек қатынастары саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу мақсатында талдау жүргізген. Нәтижесінде Тайынша және Уәлиханов аудандарының білім бөлімдерінің Еңбек Кодексінің 52-бабының талаптарын өрескел бұзғаны анықталды. Яғни 215 педагог қызметкерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуге байланысты жалпы сомасы 22,3 млн теңге іссапар шығындарын төлемеген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылып, 128 қызметкерге 10 млн теңге сомасында төлемдер жүргізілді.
Қалған қызметкерлердің құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері прокуратура органдары 160 қызметкердің еңбек құқықтарын қорғаған. 

Бұған дейін СҚО-да орман шаруашылықтарында еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью