СҚО да қауіпті вируспен зақымданған томаттың партиясы жойылды

16.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Іс сотқа жетіп, оны Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады. 

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың мәліметінше, өткен жылдың 8 желтоқсанында Петропавлдан карантиндік өнім – 1 мың килограмм қызанақ шығарылмақ болған. Алайда оны тексеру кезінде қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусымен зақымданғаны белгілі болды. Өнімнің қауіптілігі карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысымен расталды.
Әйелге зақымданған карантиндік өнімді өткізу арқылы Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзды деген айып тағылды. Сот отырысында жауап беруші өз кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушылықтың қоғамға қаупін ескере отырып, әйелді кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салды, сондай-ақ барлық карантиндік өнімді тәркілеп жоюға шешім шығарды.

Бұған дейін қауіпті вируспен зақымданған қызанақ тұқымдары Астана әуежайынан өткізілмек болғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью