СҚО да құрылыс компаниялары аяқталмаған нысандарды пайдалануға берген

27.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары белгіленген тәртіпті сақтамай жүргізілген. Мәселен, Петропавл қаласында бір құрылыс салушы уәкілетті мемлекеттік органға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама бермей, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асырған.

Басқа жағдайда, бес құрылыс салушы заңнама талаптарын бұза отырып, облыс орталығы аумағында нысандарды іс жүзінде толық аяқталмағанына қарамастан пайдалануға қабылдаған.

Сонымен қатар, екі кәсіпкерлік субъектісі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы, тиісті рұқсат құжаттарын алмай, Петропавл қаласында тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің қаражатын тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған субъектілер жіберілген заңбұзушылықтар үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды, анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қадағалау органы осы салада заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастыруда.

- Сонымен қатар, прокуратура құрылыс саласындағы заңнама талаптарын сақтау құрылыс қызметіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті екенін еске салады. Азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарының, сондай-ақ құрылыс жүргізуге арналған рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру ұсынылады,-делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Осыған дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілетіні туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью