СҚО да құтырма ауруына байланысты Амангелді ауылына шектеу енгізілді

28.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, қауіпті вирус ауылдағы итке жұққан. Иесіне шауып, таламақ болған жануардан күдіктенген тұрғын ветеринарларға жүгініп, көмек сұраған. Жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде иттен құтырма дерті анықталды. 

Осыған байланысты қауіпті аймақта ит пен мысық көрмелерін өткізуге, жануарларды сатуға және оларды елді мекен аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынды. Сонымен қатар, індет ошағында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, 45 үй жануарына құтыруға қарсы екпе салынды.

Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатовтың айтуынша, енгізілген шектеу шаралары вакцинация жүргізілгеннен кейін екі ай өткен соң алынуы мүмкін.

— Қазіргі уақытта эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жоспарлы ветеринарлық іс-шаралар толық көлемде атқарылып жатыр, — деді Нариман Тасболатов.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, үй жануарларын уақтылы вакцинациялауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу ветеринарларға хабарласу қажеттігін ескертеді. 

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері облыс аумағында адамдар арасында құтырма ауруын жұқтыру дерегі тіркелмегенін атап өтті.

Бұған дейін СҚО-да антираббиялық көмекке жануарлар қапқан, тырнаған, тістеген 385 адам жүгінгенін жазған едік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67% артық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью