СҚО да қыс қарсаңында 4 мың шақырым жол тексеріліп, бірқатар кемшілік анықталды

01.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында ҚазАвтоЖол және «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының автопаркі таныстырылды. Қазіргі таңда өңірдегі автожолдардың жалпы ұзындығы 9 мың км жуық, оның 2 мың шақырымы — облыстық және 5 мың шақырымы — аудандық маңызға ие. Аймақта 6 жол-пайдалану учаскесі жұмыс істейді.

Қыс маусымы қарсаңында полицейлер дәстүрлі түрде өңір жолдарының жағдайын тексерді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бүгінге дейін республикалық және облыстық маңызы бар шамамен 4 мың шақырым жол қаралды. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша 48 ұйғарым енгізілді.

Фото: СҚО ПД

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да адамдардың жарақаттануымен байланысты 430 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 84-і республикалық маңыздағы жолдарда болған. Салдарынан 21 адам көз жұмды, 147 адам түрлі жарақат алды.

— Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері күн суытып, қар аралас жаңбыр жаумақ. Осыған орай жүргізушілерді көлік дөңгелектерін уақытылы қысқыға ауыстырып, көктайғаққа дайын болуға шақырамыз. Жол апаттарының алдын алудың ең тиімді тәсілі — сақтық танытып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, — дейді полицейлер.

Бұған дейін СҚО жолдарында қанша қауіпті учаске бар екенін жазған едік. Биыл республикалық трассаларға қар бөгейтін қалқандар орнатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью