Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басапсөз қызметінің мәліметінше, жұқпалы дертті жұқтырғандардың жетеуі — Петропавл тұрғыны. Сонымен қатар Ақжар ауданында — 5, Мамлют және Уәлиханов аудандарында — 2 жағдайдан, ал Қызылжар, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда бір адамда анықталған.
Науқастардың басым бөлігі, яғни 52% — 5 жасқа дейінгі балалар.
Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың 89% толық вакцина алмаған. Екпенің болмауы қызылша жұқтыруда негізгі себеп екенін тағы бір рет дәлелдейді.
Санитар дәрігерлер қызылша — ауа-тамшы жолы арқылы таралатын өте жұқпалы вирустық ауру екенін ескертеді. Бұл инфекция адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Соның ішінде, ауру мидың, өкпенің және ортаңғы құлақтың қабынуына себеп болуы ықтимал. Кей жағдайларда қызылша өлімге де әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ мамандардың айтуынша, қызылшаны емдейтін арнайы дәрі жоқ. Аурудың алдын алудың ең тиімді әрі сенімді жолы — уақытылы вакцина салдыру.
Бұған дейін Алматыдағы № 36 қалалық емхананың инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанат Досбаеваның аурудың белгілерін қалай білуге және баланы қалай қорғауға болатындығы туралы кеңесін жазған едік.