СҚО да шатырын қардан тазартпақ болған зейнеткер төсекке таңылды

26.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының мәліметінше, ер адам 2 метрлік биіктіктен құлаған. Ол дәрігерлерге екі аяғының ауырып, ісіп кеткеніне шағымданған.

Сырқатты травматолог, хирург пен терапевт қарап-тексерді. Оның ішкі ағзаларына зақым келмегенімен, екі өкше сүйегінің жабық сынғаны анықталды. Ер адамға ота жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауыр жарақаттардың қатарына жатады, өйткені ұзақ емделіп, әсіресе егде жаста айлап қалыпқа келуді қажет етеді. 

Жалпы өткен демалыс күндері аурухана дәрігерлері үшін тынышсыз өтті. 20-25 наурыз аралығында емдеу мекемесіне 333 адам жеткізіліп, олардың 11-і жарақат бөліміне жатқызылды.

— Көмекке жүгінгендердің 54-і ғана ауылдардан келген, қалғандары қала тұрғындары. Сырқаттардың 200-ге жуығы тұрмыстық, 140-ы көше жарақатымен түсті. 2 адам өндірістік және алтауы спорттық жарақат алған. Ал жарақат түрлеріне келсек, 139 адам қатты соғылумен келген. Сондай-ақ сүйегі сынған 90 тұрғынға көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 15 адамды жануарлар тістеген, 7 адам күйік алып, бір үсік шалу дерегі де тіркелді, — дейді аурухана мамандары.

Бұған дейін Ақтөбеде теміржолшы жұмыс орнында жарақат алып, төсекке таңылып қалғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью