СҚО да су айдындарында балықтардың қырылуының алдын алу шаралары қолға алынды

20.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

СҚО бойынша балық инспекциясының мәліметінше, мұз қалыңдаған сайын судағы оттегінің мөлшері азаяды. Салдарынан су жәндіктеріне тіршілік ету қиындап, балықтардың жаппай қырылу қаупі пайда болады. Бұл балық қорының азаюына және су айдындарының биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты өңірде су айдындарындағы балықты қырылудан сақтау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Аэрацияны жасауға, яғни көлдерді оттегімен қанықтыру жұмыстарына су айдындарын жалға алған кәсіпкерлер жауапты. Ал резервтік және өзге де су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

Мамандар қазір көлдің мұзын ойып, бұрғылап тесіктер жасап жатыр. Бір су қоймасына кемінде осындай 100 тесік жасалынады. Бұл жұмысқа техника да тартылады. Кейін ойықтарға қамыс байламдары салынады.

— Бұл шаралар судағы оттегіні белгілі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді және балықтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар су айдындарының жағдайын тұрақты бақылау, уақтылы әрекет ету және жауапты ұйымдардың үйлесімді жұмысы экологиялық қауіптердің алдын алуда шешуші рөл атқарады, — дейді балық инспекциясының өкілдері.

СҚО-да қазіргі уақытта балығы бар 600-ден астам көл бар. Оның 295-і — кәсіпкерлерге жалға берілген. Бұл су айдындары өңірдің экожүйесінде, сондай-ақ балық шаруашылығы мен жергілікті халықтың тұрмысында маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай өзенінде балық қырылғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарламалардан кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі оқиғаның себебін анықтау және тергеу үшін оқиға орнына комиссия жіберетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью