СҚО да су тасу қаупі бар 112 елді мекен бақылауда тұр үкімет

25.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді, деп хабарлады үкімет.

Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық жағдайымен танысып, Есіл өзені бойындағы елді мекендерге әуеден шолу жасаған.

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Облыс әкімдігінің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар 112 елді мекен бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жалпы ұзындығы 105,4 км болатын 60 бөгет қамтамасыз етеді.

"Петропавл қаласында екі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қызылжар ауданында биопруд және жалпы ұзындығы 24,4 км болатын үш бөгет бойынша жобалар аяқталуға жақын", - деп жазылған хабарламада.

Су режиміне тәулік бойы мониторинг 27 гидрологиялық бекет арқылы жүргізіліп жатыр, дейді әкімдікте.

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Бүгінгі күнге дейін тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 4 су асу фактісі тіркелді, алайда елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Жалпы су тасқыны кезеңі мамыр айының басына қарай қалыпты деңгейде аяқталады деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью