Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Марьяш Кабиева бұл салада 45 жылға жуық еңбек етіп келеді. Тәжірибелі, жоғары санатты стоматолог-хирургтың ауру тісті жұлып қана қоймай, кейде жұлынған тісті орнына салатын да кездері болады екен.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы- Біздің пациенттеріміз көбіне балалар. Олар ойнап жүріп, кейде спорттық жаттығу барысында құлап, тістері жұлынып кетуі мүмкін. Мұндайда реплантация жасаймыз. Яғни жұлынған тісті орнына салып береміз. Бірақ бұл туралы көпшілік біле бермейді. Тіс тамырымен жұлынған жағдайда бірден бізге келсе, оны орнына қайта салуға мүмкіндік бар. Осылайша, бірнеше баланың тісін сақтап қалған жағдайлар болды, - дейді дәрігер.
Бұл емдеу мекемесінің ерекшелігі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қызмет етеді.
Фото: Ақерке ДәуренбекқызыФото: Ақерке Дәуренбекқызы- Біздің негізгі пациенттеріміз балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары. Барлық стоматологиялық көмектен бөлек туа біткен ерін және таңдай жырығы бар балаларға да мамандандырылған қызмет көрсетіледі. Қазір өңірде осындай жүзге жуық бала диспансерлік есепке алынған. Олардың 45-і мектеп жасына дейінгі балалар. Бірақ соңғы кезде мұндай сырқаттар саны азайған. Оның басты себебі – мұндай аурулар жатырда ерте кезеңде анықталатын болған, - дейді емхана директоры Дария Гирицан.
Емхана мамандары қажет болған жағдайда мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне де барып тегін қызмет көрсетеді.
40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан стоматологиялық емхана ғимаратына араға 20 жыл салып, былтырлары күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ 90 млн теңгеге қондырғылары толықтай жаңартылды.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы- Былтыр 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсеттік. Емделушілеріміздің саны артты. Өйткені жекеменшік стоматологиялық кабинеттер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында мемлекеттік тапсырысты алғылары келмейді, - дейді Дария Гирицан.
Бұған дейін мектептерде 860-тан астам стоматологиялық кабинет ашылатындығын жазған едік.