СҚО да түлкілер ауылдарға кіріп, үй жануарлары мен құстарды талай бастады

21.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Северо-Казахстанская область|Петропавловск|Бишкуль (@bishkul.city_)

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Қарабек көлінің маңындағы үйлердің бірінің ауласына түлкі кірген. Жабайы жануар мысықты талап, кейін итке ұмтылған.

Тұрғындар бірден арнайы қызметтерді шақырды. Мамандар келгенше түлкі ұстатпай қашып кеткен. 

Аудандық әкімдік өкілдері осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Айтуларынша, оқиға 18 қараша күні сағат 20.00 шамасында болған. Екінші күні түлкі қапқан мысықтың және эвтаназия жасалған иттің өлігін облыстық зертханаға жіберді. Ал аулада дезинфекциялық шаралар жүргізілген.

Осыған ұқсас оқиға Тайынша ауданының Большой Изюм ауылында да болды. Көшеге кірген түлкі тауықты талаған. Тұрғындардың айтуынша, соңғы кезде елді мекенде түлкіні жиі көретін болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тайынша Лайф (@taiynsha_life)

Жабайы жануарды Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары да көшеде байқап, түсіріп алған. 

@pkzsk.news В "Бирлике" лисы во дворы заходят ... #лисы #Петропавловск #новостиСКО ♬ оригинальный звук - Петропавловск.news

Түлкілердің елді мекендерге көптеп кіруіне тұрғындар алаңдап отыр. Өйткені олар құтырма сияқты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы екені белгілі. Көше кезген бұралқы иттер арқылы ол адамдарға жұғуы мүмкін.

Бұған дейін Қостанай облысындағы елді мекенде түлкінің адамға шауып, қауып алғанын жазған едік. 

Естеріңізге салайық, СҚО-да сегіз айда жануарлардан 1,2 мың адам зардап шеккенін жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью