СҚО да уақытша 50 ге жуық орман тәлімбағы ашылды

09.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, Президент тапсырмасына сай соңғы бес жылда 74 млн теңге тал егілді. Жоспарға сәйкес, облыста жалпы 122 млн көшет отырғызылуы тиіс.

Ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін алдымен сапалы тұқым қоры қажет. Орманшылар тұқым жинаудан бастап, көшет өсіруге дейінгі әр кезеңге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Бір көшетті стандартты деңгейге жеткізу үшін кемінде екі жыл уақыт қажет. Қазіргі таңда облыс аумағында уақытша 43 орман питомнигі жұмыс істейді. 2025 жылдың күзінде 15 гектар аумаққа тұқым себілді, одан 15 млн көшет алу жоспарланған.

– Тәлімбақтардың басым бөлігінде өңірдің байлығы – қайың өсіріліп жатыр. Қыс бойы қар астында жатқан көшеттерге әсіресе жазда тұрақты күтімді талап етеді: күнделікті суарып, арамшөптерді жұлып, топырақты бақылауда ұстау қажет.

Тұқым жинау – орман шаруашылығындағы ең жауапты кезеңдердің бірі. Мысалы, қарағай бүрлерін қазан айының соңынан наурызға дейін ғана жинауға болады. Уақытынан кеш қалса, тұқым жарамсыз болып қалады. Сондай-ақ жерге түскенін емес, ағашта тұрғанын ғана алу керек. Кейде желдің өтінде, суықта жиналады. Кейін оны арнайы пештерде белгілі бір температурада кептіріп, тұқымдары алынады, - дейді басқарма маманы Сәуле Сүлейменова.

Ал қайыңның тұқымын орманшылар шілде-тамызда жинайды. Ағаштың «сырғаларын» кептіріп, егуге дайындайды.

– Өңірде негізінен қайың мен қылқан жапырақты ағаштар өсіріледі. Былтыр 7,8 тонна ағаш-бұта тұқымы жиналып, олардың сапасы Щучинск қаласындағы республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығында тексерілді. Сонымен қатар, көшет отырғызуға арналған жерлерді анықтау үшін 728 гектар алқапқа геоботаникалық зерттеу жүргізілді. Кешенді жоспарды жүзеге асыруға 2025 жылы жергілікті бюджеттен 410 млн теңге бөлінді, - дейді Сәуле Сүлейменова.

Орманшылардың жұмысы тұқым әзірлеп, көшет отырғызумен шектелмейді. Әр маманға мыңдаған гектар аумақ бекітілген. Олар жыл бойы орманды аралап, өрт қауіпсіздігін қадағалайды, заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күреседі.

Бұған дейін Алматыда магнолия ағаштарының гүлдеу маусымы басталғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью