СҚО да үш су айдынында балық қырылды

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, өлген балық Петропавлдағы Хромзауыт ауданы маңында, Есіл өзенінің ескі арнасынан табылған. Су бетіне қалқып шыққан 25 кг торта балық пен шортан жойылды. Алдын ала болжам бойынша, балық су айдынының кей учаскелерінің түбіне дейін қатуынан өлуі мүмкін. 

Петропавлдағы Пестрое көлінен де шортан мен торта балықтың өлекселері табылды. Жалпы салмағы – 12 кг. 

Ал Тайынша ауданы Кантемировка елді мекені маңындағы көлде мөңке балығы қырылып қалды. Мамандардың айтуынша, бұл су айдыны ешкімге пайдалануға берілмеген және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы көлдерінің тізіміне енгізілмеген. Өлген 350 кг балық толық жиналып, жойылды. Су жәндіктерінің қырылуына көлдің таяздығы және қыста түбіне дейін қатуы себеп болуы мүмкін. 

- Жұмыс тобы құрылып, оқиға орнына барды. Судың және өлген балықтың сынамасы алынды. Олар зерттеуге жіберіліп, сараптама қорытындысы балықтың неден қырылғанын көрсетеді, - дейді бөлім басшысы Ильдар Какимов. 

Бұған дейін СҚО мен Ақмола облысында 15 сәуірден бастап балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынатындығын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью