24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеушілердің 66 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Темір тордың ар жағында олар түрлі мамандықтарды меңгеріп, түрмедегі цехтарда жұмыс істеп жүр. Қазір аймақтағы түзету мекемелерінде жүздеген өнім түрі шығаралады. Оның кейбірі тіпті шетелге экспортталып жатыр.
Аймақта жазасын өтеп жатқан бір жарым мың сотталушының мыңнан астамы кәсіби мамандықтарын түрмеде жүріп меңгерген. Қазір олар өндіріс ошағында еңбек етеді. Мәселен, Сергей Баутин екі жыл бұрын қолөнерге бет бұрған. Бүгінде ол түрлі бұйымдар жасайды.
Сергей Баутин, жазасын өтеуші:
- Мен көбіне ат әбзелдерін жасаймын. Оның ішінде жүген өріп, ертоқым істеген ұнайды. Мұнда ертоқымның түр-түрі бар. Оның біреуін жасауға шамамен 10 күндей уақыт кетеді.
Түзету мекемесіндегі өнідіріс ошағы бірнеше бағытта жұмыс істейді. ер адамдар ағаштан түйін түйіп, көптеген бұйымдар жасайды. Оның бір бөлігі Польша мен Чехияға экспортталады. Ал әйелдер колониясында көбінесе киімдер мен жұмсақ ойыншықтар тігіледі. Бұл өнімдерге де шетелден сұраныс жоғары.
Татьяна Төлегенова, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы:
- Ай сайын түрмелердегі жұмыс орындары көбейіп келеді. Біз оған бар күшімізді салудамыз. Өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді де тартамыз. Олар түзету мекемесінде түріп түрлі мамандық иелері атанады. Ол бостандыққа шыққасын да өз жемісін берері анық.
Қазір өңірдегі 3 түзету мекесінде өндіріс алаңы жұмыс істейді. Жазасын өтеушілерді шикізатпен 18 кәсіпкер қамтамасыз етіп отыр. Жалпы елімізде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің соңғы дерегі бойынша еңбекке жарамды сотталғандардың шамамен 60 пайыздан астамы жұмысқа орналастырылды.
Абзал Азаматұлы, Наталья Волкова, Қуаныш Қазбеков