СҚО дағы Ақжар ауданында ағын су жолды шайып кетті

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Куәгер түсірген бейнежазбадан жол үстінде ор пайда болғанын көруге болады. Оның айтуынша, алқаптан келген қар суы бұл жерде болған көпірді шайып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚЖАР ТЫНЫСЫ (@otdel_vpkry_akzhar)

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл ор Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінде орналасқан «Ленинград-Айсары» аудандық маңызы бар автожолының 1-шақырымында бүгін таңертең таңғы сағат 9:00 шамасында пайда болды.

— Қардың күрт еруі салдарынан жиналған су деңгейі көтеріліп, жол жабынын шайып кету қаупі пайда болған. Салдарын азайту мақсатында жол төсемін арнайы бақылаумен ашу туралы шешім қабылдады. Бұл шара артық суды өткізу мақсатында қолға алынды.

Кешкі сағат 19:00–дегі жағдай бойынша су деңгейі төмендеген. Қазіргі уақытта жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа 7 техника (2 тиегіш, 5 жүк көлігі) және 10 жұмысшы жұмылдырылған, — деді басқарма басшысы Ерден Шортыбаев.

Жоспар бойынша жөндеу жұмысы бүгін, 30 наурыз күні сағат 22:00–ге дейін аяқталмақ.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Екі жақтан патрульдік полиция бекеттері қойылып, 4 қызметкер мен 2 патрульдік көлік кезекшілік атқарып жатыр.

Мамандардың түсіндіруінше, су тасқынына жер бедерінің ерекшелігі, ауа температурасының көтерілуі және Ақмола облысына қарасты көршілес аудандардан келген мол су себеп болған.

Бұған дейін осы Ақжар ауданында автожолдың учаскесін су басқанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью