Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, гидрологиялық тораптағы су деңгейі бір тәулікте 26 см-ге жоғарылаған. Ал Сергеевка қаласы жанында Есіл өзенінің деңгейі 2,7 метрге көтеріліп, 642 см-ге жетті. Десек те, қауіпті деңгейге дейін әлі сонша керек.
Облыс аумағында Есіл өзені басталатын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда су деңгейі түсіп жатыр. Шөптікөл ауылының маңында шамамен 1 метрге, Дружба елді мекені жанында 38 см-ге, Тоқсан би ауылының маңында 20 см-ге төмендеді. Шағын өзендерде бірнеше күннен бері су деңгейі түсіп келеді.
Ал Есіл ауданындағы Покровка, Николаевка елді мекендерінде өзен суының деңгейі 85 см-ге көтерілген.
Мамандар 6-8 сәуір аралығында Ғабит Мүсірепов, Шал ақын Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің әлі де көтерілетінін ескертіп жатыр.
Бұған дейін Ақмола облысында су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауға алынғанын жазған едік.