СҚО дағы Тайынша көп салалы ауруханасы қайтарылған активтер есебінен жөнделеді

07.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Солтүстік Қазақстанда елге қайтарылған активтер есебінен аурухана жөнделеді.

Тайынша көп салалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге 1,3 млрд теңге бөлінді. Қазір нысанда техникалық база мен инженерлік желілер жаңғыртылып жатыр. Алдағы уақытта емдеу орталығында  түрлі диагностикалық сынамалар жүргізіліп, реанимациялық төсектер орналастырылады. Күрделі жөндеудің нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сай болады. Қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысанды жаңғырту мен салуға қаржы бөлінген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью