СҚО мен Алматы облысында Таза бейсенбі акциясы өтті

30.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Солтүстік Қазақстан облысында белсенділер мен қала тұрғындары және еріктілер экологиялық «Дар-марка» жәрмеңкесіне қатысты.

Петропавл қаласында үш күн бойы өткен «Таза бейсенбі» акциясында 30 килограмм пластик пен 100 килограмм қағаз жиналды. Тазалық шарасына AMANAT партиясының өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары атсалысты. Қатысушылар киюге жарамды киім, кітаптар және тіпті пластик бөтелкелер өткізді. Сонымен қатар жергілікті университет студенттері, интерактивті байқаулар мен эко-викторинаға қатысты.

Александр Зель, AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:

- Жәрмеңке тек заттарды алмастыру емес, бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған маңызды әлеуметтік құрал. Сол арқылы біз жауапкершілігі мол тұтынуды насихаттаймыз және ресурстарды үнемдейміз. Бұл заттар қоқыс полигонына түсіп кетуі мүмкін еді, ал біздің қалада полигондар қазірдің өзінде толып тұр. Жастарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру  басты міндетіміз.

Ал Алматы облысында республикалық «Таза бейсенбі» акциясы аясында Ащы-бұлақ ауылында AMANAT партиясының аудандық филиалының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар орталық стадион мен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішті тазалауға жұмылды. Қар мен қатып қалған мұз тазаланып, ұсақ қалдықтар жиналды, жаяу жүргіншілер жолдары мен ескерткіш маңы ретке келтірілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью