Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясының мәліметінше, бұл шара уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау мақсатында қолға алынды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары бұл шектеулерді қатаң ұстануы қажет. Себебі заңсыз балық аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Мәселен, шортан, аққайран, көксеркені 15 сәуірден 15 мамырға дейін аулауға тыйым салынады.
Ал тұқыны 20 мамырдан 20 маусымға дейін аулауға болмайды. Гаммарусты 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін, Артемия цисталарын 1 наурыздан 15 маусымға дейін, ал өзен шаяндарын 1 маусымнан 15 шілдеге дейін аулауға тыйым салынды.
Есіл, Нұра, Сілеті өзендері және олардың барлық салалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырға дейін балық аулауға шектеу қойылды.
Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы тұрғындарды табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға, балық қорын сақтауға шақырды.
Бұған дейін Ақтөбеде шағын көлшікте балық қырылғанын жазған едік.