СҚО ның тұрақтандыру қорына 13 мың тонна өнім сатып алынған

10.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын реттеуге жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді.

Оған тұрақтандыру қорына 13 мың тонна өнім сатып алынды. Бұл өнімдер әлеуметтік нүктелерде делдалсыз, яғни нарықтан арзан бағамен саудаланады. 

Бұл Петропавлдағы коммуналдық базар. Жергілікті тұрғындар негізінен осында келуге тырысады. Өйткені баға басқа сауда орындарына қарағанда арзандау. «Бірақ кей өнімдер жаңа жылдан кейін қымбаттап кетті», - дейді келушілер. Оны әсіресе зейнеткерлер сезініп отыр. 

Нұқыжан Сексенова, қала тұрғыны:

- Бағалар бәрі көтеріліп жатыр. Мына пенсия біздің жетпейді. Пенсия аз. Пенсия немене 10 процент 10 мың теңге қосады, ол жетпейді. Ал бағалар одан артық көтеріліп жатыр.

Сондықтан олар негізінен тұрақтандыру қорының нүктесінен сауда жасайды. Бұл жерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылады. Биыл облыс бойынша баға саясатын реттеу үшін 3,3 млрд теңге бөлінді.  

Олеся Жуковень, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:

- Сонымен қатар тұрақтандыру қорының азық-түлігін қаладағы ірі сауда орындары мен үй жанындағы дүкендерден сатып алуға болады. Одан бөлек тауар түрлері алдын ала тапсырыс бойынша ауылдарға жөнелтіледі.

Тұрақтандыру қорына сиыр және тауық еті, жұмыртқа, қарақұмық, картоп секілді әлеуметтік маңызы бар 13 мың тонна өнім сатып алынды. Оның басым бөлігін жергілікті тауарөндірушілер жеткізді. Ал күнбағыс майы, тұз және қант өзге өңірлерден тасымалданады.  

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью