Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Іздестіру» іс-шарасына шамамен 250 полиция қызметкері жұмылдырылып, 19 мобильді топ құрылыс нысандарын, хостелдерді, жалдамалы пәтерлерді және іздеуде жүрген адамдар болуы мүмкін өзге де орындарды тексерді.
Фото: СҚО Полиция департаменті15 сәуір күні кешке 15 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түсті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер оны Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінің маңынан тапты.
Жасөспірімнің айтуынша, ол достарымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған, бұзақылық пен ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қазіргі уақытта оны арнайы оқу орнына жолдау мәселесін қарастырып жатыр.
Фото: СҚО Полиция департаментіСондай-ақ іс-шара барысында полицейлер ресейлік әріптестерімен өзара іс-қимылды күшейтті. Нәтижесінде Омбы қаласында Аққайың ауданында мал ұрлады деген күдікке ілінген азамат ұсталды.
Жалпы СҚО аумағында екі күн ішінде 16 қылмыскердің жүрген жері анықталды, оның ішінде 13-і ТМД елдері бойынша іздеуде болған. Ұсталғандардың қатарында алаяқтық, ұрлық, көлік айдап әкету, пара беру және өзге де қылмыстар бойынша сотталғандар мен күдіктілер бар.
Фото: СҚО Полиция департаментіМәселен, полицейлер 2016 жылы аса ірі алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығы шектелген 46 жастағы ер адамның жүрген жерін анықтады. Ол Астананың екі тұрғынын алдап, бірінен 900 мың теңге, екіншісінің пәтерін иемденген. Петропавл тұрғыны 2017 жылы жазасын өтеуден жалтарған. Содан бері полицейлер оны іздестіруді тоқтатпай, елордада ұстады.
Бұған дейін Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлының денесі табылғанын жазған едік.