Сталкинг қылмыс: прокуратура жазаның бұлтартпастығы туралы ескертті

02.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Азаматтардың құқықтары мен жеке қауіпсіздігін қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 115-1-бап енгізілді. Аталған бап сталкинг үшін қылмыстық жауаптылыққа көздейді, яғни бұл — адамды жүйелі түрде қудалау, оның ішінде аңду, мазасыз қоңыраулар шалу, хабарламалар жіберу және азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзатын өзге де әрекеттер.
Қазіргі уақытта аудан прокуратурасы осындай құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершіліктің бұлтартпауын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
Аудан прокуратурасымен сталкинг фактілері бойынша 3 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Мәселен, жәбірленуші 2020 жылдан бастап шамамен бес жыл бойы өзінің жігітімен қарым-қатынаста болған. Алайда қарым-қатынас тоқтатылғаннан кейін ер адам жәбірленушінің онымен қандай да бір байланыс орнатудан бас тартқанына қарамастан, оны жүйелі түрде қудалай бастаған.
Ол жәбірленушінің үйі мен жұмыс орнының маңында бірнеше рет пайда болып, белгісіз абоненттік нөмірлерден қайта-қайта қоңырау шалып, сондай-ақ WhatsApp мессенджері арқылы қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған.
Аталған әрекеттер мазасыз сипатқа ие болып, жәбірленушіге психологиялық жайсыздық тудырып, оның қауіпсіздігіне қатысты негізді алаңдаушылық туғызған. Осыған байланысты ол құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

— Аталған факт бойынша аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалды, — делінген хабарламада.

Екінші қылмыстық іс бойынша тараптар сотта татуласуға қол жеткізіп, осыған байланысты іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Үшінші қылмыстық іс қазіргі уақытта сот қарауында.
Прокуратура сталкинг үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе елу тәулікке дейін қамау түріндегі жаза көзделгенін ескертті.

Бұған дейін Астана қаласында бұрынғы әйелін бірнеше жыл қудалаған сталкер жауапқа тартылғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью