Сталкингке жол жоқ

11.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Былтыр 16 қыркүйекте күшіне енген «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы» заңның сталкинг туралы бабы бойынша Батыс Қазақстан облысында екі азамат жауапқа тартылды.

Сурет: nippon.com

Сталкинг – жәбірленушінің еркіне қайшы байланыс орнатуға немесе аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен байланысы жоқ, бірақ елеулі зиян келтірген әрекеттер. Бұл қылмыстың жазасы 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл, сол мөлшерде түзеу жұмыстары,  200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау болып белгіленген болатын. Яғни әлдебір адамның ізіне түсіп, тынымсыз мазалап, телефон шалып, тіпті ол қаламаған сыйлықтар жіберіп, қорқытып-үркітіп, соның ішінде ғаламтор арқылы да мазалай берген адам жауапқа тартылады.

Батыс Қазақстан облысының ішкі істер органдары өңірдегі сталкинг қылмысының алғашқы әрекетін Бөрлі ауданында тіркеді. Ақсай қаласының тұрғыны полицияға бұ­рын­ғы танысы тарапынан жүйелі түр­де қу­далау мен қорқытуға ұшырағаны туралы арызданған. Екінші оқиға Бөкей ордасы ауданында болған. Тергеу орындары анықтағанындай, 2025–2026 жылдар аралығында ер адам бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қудалап, оған әлеуметтік желі ар­қылы қорқыту сипатындағы жазбалар жі­берген. Бөкей ордасы аудандық соты оның бұл әрекетін жәбірленушіге елеулі пси­хо­логиялық зиян келтірген деп тауып, заң ­аясында жауапқа тартты.

Сталкинг бойынша алғашқы үкімнің жай-жапсарын толығырақ білу үшін Батыс Қазақ­стан облыстық сотының баспасөз хат­шы­сы Нұргүл Қанатбаеваға хабарласқан едік.

– Бөрлі аудандық соты Қылмыстық кодекстің 115-1-бабында көзделген заңсыз қудалау фактісі бойынша үкім шығарып, сотталушы Д.-ға 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 346 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады, – дейді облыстық сот өкілі.

Оқиға былай болған екен: Ақсай қаласында тұратын бір жігіт 2025 жылғы 20 қыркүйектен 2026 жылғы 23 қаңтарға дейінгі аралықта қыз балаға бірнеше мәрте телефон соғып, хабарлама жіберген. Соның ішінде қорқыту сипатындағы хабарламалар да болған. Тіпті жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орнына барып, сол жерде сыртынан аңдып күткен. Оқиға тіпті насырға шауып, 2026 жылғы 23 қаңтарда аңдып жүріп, дүкеннен шыққан жәбірленушінің қолынан еркінен тыс ұстап, қардың үстіне құлатқан. Абырой болғанда көмек сұраған дауысқа қыздың әріптестері келіп, құтқарып қалған. Дәл осы уақытта жігіт мас күйінде болған екен.

Осы істі қараған Бөрлі аудандық соты бұл жігіттің әрекетін «жәбірленушіге елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау» деп тапты. Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Прокурор сотталушыға 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұрады.

Сот ер адамның әрекеті ұзақ уақытқа созылғанын, бұл арқылы жеке адамның Қазақстан Конституциясы кепілдік берген негізгі бостандығына қол сұғылғанын атап өтіп, іс бойынша жиналған дәлелдер негізінде оны кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде, сотталушыға жоғарыда айтылғандай 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью