Starlink пен OneWeb ке басымдық беру егемендікке тікелей қатер төндіреді депсауал

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— 2029 жылы «KazSat-3» спутнигінің пайдалану мерзімі аяқталады. Starlink және OneWeb жүйелерін отандық спутниктерге балама ретінде пайдалануға басымдық беру егемендікке тікелей қатер төндіреді. Қазақстанның юрисдикциясынан тысқары орналасқан шетелдік провайдерлерге байланыс саласындағы аса маңызды инфрақұрылымды тәуелді ету қазіргі геосаяси жағдайда өте қауіпті.

Отандық жаңа спутник жобасына спутник интернет енгізуден бас тарту тек 153 млрд теңгені үнемдеумен ғана негізделген, — деді депутат.

Сондай-ақ, ол «KazSat-3-R» спутнигін құру конкурсында бағасы қолдан қымбаттатылған жабдықтар алынуы мүмкін деген күдік айтты.

— Былтыр желтоқсанда жарияланған «KazSat-3-R» спутнигін құру туралы конкурс стандарттары мемлекеттік сатып алу қағидалары бойынша жүргізілді. Бірақ бұл форматта шетелдік шетелдік компаниялар тендерге қатыса алмайды. Бұл технологиялық тұрғыдан ескірген, бағасы негізсіз көтерілген өнімді алу қаупін тудырады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде «KazSat-3-R» конкурсын ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшыларды тарту тетіктерін қарастыруды ұсынамыз.

«KazSat-3-R» спутник жобасын спутник интернетпен жабдықтауды ұсынамын, — деді депутат.

Айта кетейік, Қазақстан 2029 жылы «KazSat-3» спутнигінің орнына жаңа жерсерік ұшыру жоспарлап отыр

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью