Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Старобельск кәсіптік колледжіне жасалған шабуыл салдарынан қаза болғандардың саны онға жетті. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Украинаның қарулы күштері 22 мамырға қараған түні Луганскідегі Старобельск кәсіптік колледжінің оқу ғимараты мен жатақханасына соққы жасады. Ол жерде 14 пен 18 жастағы 86 адам болған.
Мирошниктің айтуынша, колледж бен жатақханаға жасалған шабуыл кезінде қаза тапқандардың саны 10 адамға жеткен. Бұдан бөлек, 38 адам жарақат алды.
"Республика басшысының ақпараты бойынша құтқарушылар Старобельскте түні бойы үйінділерді қопарды. Өкінішке қарай,қаза тапқандардың саны 10 адамға жетті. Тағы 11 студент табылай жатыр", - деп жазды Мирошник өзінің Telegram-арнасында.