Статистика: Елімізде әр оныншы адам қарызын несиемен жабады

22.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: istockphoto.com

Demoscope мониторингтік бюросының зертеуіне сүйенсек, тұрғындардың 39,7 пайызында бір ғана несиесі болса, 33 пайызы бірнеше несие төлеп жүр. Ал респонденттердің 27 пайызы қазіргі уақытта ешқандай несие міндеттемесі жоқ екенін айтқан.

Тұрғындардың ең көп рәсімдейтін қарыз түрі – тұтынушылық несие. Қарыз алушылардың 70,4 пайызы осы санаттағы несиеге жүгінген. Сонымен қатар, 45,7 пайызы тауарды бөліп төлеу қызметін пайдаланады.

Мамандар кеңесі: Несие аларда нені ескеру керек?

Респонденттердің 22,1 пайызы туыстары мен достарынан немесе ломбардтан қарыз алғанын айтса, 14,4 пайызы автонесие төлейді. Ал ипотекалық несиесі барлардың үлесі 13 пайызды құрады.

Зерттеуге сәйкес, ел азаматтарының несие рәсімдеуінің негізгі себептері:

тұрмыстық техника сатып алу – 24,2%; баспана салу немесе жөндеу – 18,9%; жалақыға дейін қаражаттың жетіспеуі – 17,4%; автокөлік сатып алу – 13,7%; басқа несиені жабу – 9,4%; емделу шығындарын өтеу – 8,2%; бизнесті дамыту – 7,8%; отбасылық маңызды шаралар – 6,7%; оқу ақысын төлеу – 6,6%; саяхат пен демалыс – 3,4%.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк ипотека мен автонесие бағытында несие алуға сұраныс төмендегенін хабарлаған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью