Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бір тұрғын тоқсанына орта есеппен 20,7 келі ет және ет өнімдерін тұтынған. Сонымен қатар сүт өнімдері (58,1 литр), жұмыртқа (54 дана), көкөніс (18,7 келі), картоп (11,4 келі) және балық пен теңіз өнімдерін тұтыну да өскен.
Ал жарма мен дәнді дақылдар, жеміс-жидек, жаңғақ, сондай-ақ қант, тосап және бал тұтыну көлемі азайған. Май мен тоңмайды пайдалану деңгейі өзгеріссіз қалған.
Өңірлер арасында ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынатындар – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген.
Ал көкөністі ең көп тұтынатын өңірлер қатарында Алматы қаласы (23,2 келі), Жетісу облысы (22,8 келі) және Түркістан облысы (21,4 келі) көш бастап тұр.