Стокгольмдегі қазақ тілі курсы

20.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шетелде тұратын қа­зақ балаларының ана тіліне деген қы­зығу­шылығын арттыру, тілді сақ­тау­ға және дамытуға жағдай жа­сау, сондай-ақ бір-бірімен та­ны­­сып, жаңа достар табуына мүм­кін­­дік беру – айтарлық іс. Бүгінде көп­теген отандасымыз шетелде тұра­­тындықтан, ұлттық болмыс пен ана тілді сақтау әрбір ата-ана үшін маңыз­ды міндет болып қала береді.   

«Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегімін, сондай-ақ Түркиядағы Ыстанбұл университетінен ма­гистратура бітіргенмін. Қазір­гі уақытта Швециядағы »Folkuni­versitet« оқу орнында түрік тілі­нің оқытушысы болып қызмет атқарамын. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасын таппақ. 2026 жылдың 15 қыркүйегінен бас­тап қазақ тілін үйренгісі келе­тін­дерге арналған онлайн курс «Med­borgarskolan» білім ор­талы­ғы­ның кестесіне енді. Курс Шве­цияда тұратын қандастарға, сон­дай-ақ қазақ тілі мен мәдение­тіне қызығушылық танытатын бар­­лық азаматқа ашық болады», дей­ді курстың жетекшісі Гүлім Нұрақын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью