Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирінің кешкі сессиясын жастар арасында әлем чемпионы Санжарали Бегалиев түйіндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
80 келідегі отандасымыз 1/16 финалда Бразилия өкілі Кауэ дос Сантос Белинимен жолықты.
3 раундқа жалғасқан бразилиялық боксшы өз айласын асырып кетті. Есеп: 0:5.
Бокс федерациясы мәліметінше, осылайша, Болгариядағы бәсекенің бірінші күнінде 10 отандасымыздың бесеуі келесі айналымға өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.