Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессия
А рингі
50 келі. Ерлер. Даниял Сәбит — Улаш Ялчинкая (Түркия)
70 келі. Ерлер. Фарух Тохтасынов — Рэнди Ботикали (Германия)
Б рингі
55 келі. Ерлер. Бағлан Кенжебек — Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия)
65 келі. Ерлер. Ертуган Зейнуллинов — Малик Гасанов (Әзербайжан)
70 келі. Ерлер. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Лавант Браунли (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00)
А рингі
85 келі. Ерлер. Сұлтанбек Айбарұлы — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
90 келі. Ерлер. Дәулет Төлемісов — Джозеф Авинонгья (АҚШ)
90 келіден жоғары. Ерлер. Нұрлан Сапарбай — Озодбек Алиев (Өзбекстан)
Б рингі
85 келі. Ерлер. Бекзат Таңатар — Матвей Ражба (Украина)
90 келі. Ерлер. Нұрмагамед Юсупов — Самир Собиров (Өзбекстан).
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын 26 ақпанда Болгариядағы турнирде тоғыз боксшы жарысты жалғастыратыны белгілі болды.