Стрептоцидке тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды

03.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елімізде кең қолданылған антибиотиктердің бірі – «Стрептоцид» препаратының белгілі бір сериясын сатуға және медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынды. Тиісті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, тыйым «Химфарм» акционерлік қоғамы өндірген «Стрептоцид» дәрісінің 25080430 сериясына қатысты. Препараттың жарамдылық мерзімі 2030 жылдың тамызына дейін деп көрсетілген. Таблетка түріндегі дәрі 300 мг дозада шығарылған, бір қаптамада 10 таблеткадан, картон қорапшада бес қаптама болған.

Дәрі-дәрмек неге тез таусылып жатыр?

Министрлік шешімі денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға және дәрілік заттарды қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес қабылданған. Осыған байланысты аталған сериядағы препаратты сату, тарату және емдеу ісінде пайдалану тоқтатылды.

Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?

Дәріні нарықтан толық алып тастау барысын Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бақылап отыр. Бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде комитеттің аумақтық бөлімшелері, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және СК-Фармация компаниясы хабардар етілген.

Жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған

Министрліктің мәліметінше, бұл тәртіп препараттың ел аумағындағы барлық дәріхана мен медициналық ұйымдардан дер кезінде әрі толық алынуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай шара азаматтардың денсаулығын қорғап, дәріні қолдануға байланысты ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

Әлем • Бүгін, 13:00

«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды

Денсаулық • Бүгін, 12:52

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:47

Автолизинг бағдарламасының толыққанды іске қосылуына не кедергі?

Қоғам • Бүгін, 12:40

Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз отыр

Қоғам • Бүгін, 12:37

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді

Шахмат • Бүгін, 12:28

2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға жөндеу жүргізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:01

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді

Спорт • Бүгін, 11:48

Петропавлда пәтер ұрысы бейнебақылаудың арқасында қолға түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:37

Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 11:23

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 81 мектеп салынды

Жемқорлық • Бүгін, 11:20

Еурохаттаманы толтырудың тәртібі қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:12

Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Тәуелсіздік • Бүгін, 11:07

«Отбасы банк»: 600 мыңға жуық адам мемлекеттік сыйақы алды

Банк • Бүгін, 10:52

Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

Экономика • Бүгін, 10:45

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью