Студенттер кәсіпкерлікке бейімділіктерін байқатты | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Талғар политехникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» атты облыстық гранд-турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған турнирге білім беру ұйымдарынан құрылған 23 команда бойынша 58 студент 10 бағыт бойынша өзара сынға түсті.
Бәсекелі жарыс барысында келешекте кәсіпкерлікті дамытуға ниетті студенттер сауда, қызмет көрсету, өндіріс, шоу бизнес, мәдениет, креативті индустриялар, технологиялық кәсіпкерлік және интеллектуалды технологиялар, медицина, туризм, басқа да маңызды бағыттар бойынша білім-біліктері мен іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Турнирдің алғашқы кезеңінде қатысушылардың визит карточкасы арқылы өздерін таныстыру ерекшеліктері, сахна мен тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы, уақытты ұтымды пайдалануы назарға алынды.
Ал екінші кезеңде бизнес жобалардың негізгі аспектілерін көрсететін Canvas моделін қолдана отырып, бизнес идеяларын ұсынды.
Бұл кезеңде байқауға қатысушы студенттер аталған стратегиялық жоспарлау құралының дұрыс толтырылуы, жобаның өзектілігі мен іске асырылу қадамдары, сондай-ақ шығындар құрылымы, кіріс ағындары, тұтынушылармен қарым-қатынас, бейнебаяндары бағаланды.
Турнирге қатысушылардың жұмыстарын сараптау үшін арнайы қазылар алқасы құрылып, студенттер еңбегінің әділ бағалануын қадағалады.
Читать полностью
Читать новость