Студенттер сенбілікке белсене қатысты: елордада экологиялық акция өтті

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елордада басталған ауқымды экологиялық айлық қала тұрғындарын тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау идеясы аясында біріктіріп отыр. 11 сәуірден бастап қала бойынша аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осындай игі бастамалардың бірі Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда өтті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Таңертеңнен жиналған Esil университетінің студенттері ортақ іске үлес қосып, арнайы құрал-жабдықтармен аумақты қоқыстан тазалап, жолдар мен жасыл желектерді ретке келтірді.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің өкілдері бұл шараның бір реттік акция емес, жүйелі жұмыс екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамдық өмірге белсенділігін күшейтеді.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында гүлзарымызда сенбілік өткіздік. Негізгі мақсат — жастарды осы бастаманың идеологиясына баулу. Бұл тек сенбілікке қатысу емес, барлық саладағы тазалық пен тәртіпті қамтиды. Мамыр айының соңына дейін сенбіліктер жалғасады. Барлық тұрғынды, кәсіпкерлерді, білім беру ұйымдарын өз аумақтарын ретке келтіруге шақырамыз, — деді Байқоңыр ауданы әкімдігінің маманы Нұрислам Батырбек.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар қаланы таза етіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

– Бүгінгі сенбілікке жақсы көңіл-күймен қатыстық. Былтырдан қалған ағаш жапырақтарын жинап, аумақты толық тазарттық. Мұндай шаралар коммуналдық қызметкерлердің еңбегін бағалауды үйретеді. Бұл — қаламыздың экологиясына қосқан үлес. Қала таза болса, денсаулық та мықты болады, — деді Esil университетінің «құқықтану» мамандығының студенті Айнұр Батталғазы.

Сенбілік нәтижесінде аумақ тазарып қана қоймай, қатысушылар арасында бірлік пен ортақ іске деген жауапкершілік сезімі қалыптасты.

Бұған деін Астанада ауқымды жалпықалалық сенбілік басталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью