Студенттік омбудсмен Ұлан Нәукен 10 тәулікке қамауға алынды

28.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлытау облысындағы үйлену тойы кортежіне қатысты оқиғадан кейін студенттік омбудсмен Ұлан Наукен 10 тәулікке қамауға алынды. Бұған оның әлеуметтік желіде жариялаған, көліктер легі қозғалып бара жатқан кезде түсірілген видеосы себеп болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 шілдеде Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлама таратып, онда полицейлер автокеруенді (үйлену тойы кортежін) ұйымдастырушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сегіз автокөлік табылды. Барлық машина айыппұл тұрағына қойылды.

Кортеж қатысушыларына қатысты барлығы 22 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде қарсы бағытқа шығу, апаттық жағдай туғызу, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да заң бұзушылықтар бар.

Полиция өкілдері үйлену тойы кортежі жол ережесін бұзуға құқық бермейтінін, ал тәртіп сақшылары мұндай жайттарды, соның ішінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы бақылайтынын ескертті.

Айта кетейік, бүгін желіде "Қазақстан студенттер альянсының" төрағасы Ұлан Наукеннің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, ол үйлену тойы кортежіне қатысты іс бойынша айыпталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Tengrinews.kz редакциясы "Сот кабинетінен" сот қаулысын тапты. Онда биылғы 25 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлытау облысы Жәйрем кентінде үйлену тойы өткені айтылады. Шара басталар алдында Қаражал – Самал тасжолында кортеж қозғалып бара жатқанда, Ұлан Наукен танысының көлігінде отырып, оның люгінен шығып алған. Ол үйлену тойы керуеніндегі басқа көліктерді видеоға түсіріп, жазбаны Instagram-ға жүктеген. Сотта Ұлан Наукен өз кінәсін мойындады.

27 шілдеде сот Наукеннің іс-әрекетін ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша саралап, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу.

"Сот кабинетінен" алынған 27.07.2024 жылғы сот қаулысының скриншоты

Айта кетейік, Ұлытау Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, үйлену тойы кортежінің бес жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Анықтама: Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, Ұлан Наукен - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты, "Қазақстан студенттер альянсы" РСҰ төрағасы. Студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью