Студенттік театрлар сайысы

21.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Абай облысының жас­тар саясаты мәселе­лері жөніндегі басқар­масының «Жас­тар­ға арналған креа­тив­ті алаңдар ұйым­дас­тыру» жобасы аясында өткен театр фестиваліне Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы колледждер мен жоғары оқу орындары қатысып, шығармашылық әлеуе­тін танытты.

Театр ұжымдары қоғам мен жастарға қатысты өзекті мәсе­лелерді, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың себеп-салдарын көркем сахналық тілмен жеткізіп, көрерменге терең ой салды.  Салтанатты жиында басқарма басшысы Олжас Бейсенбаев Сәкен Сейфуллиннің «Театр – соқыр адам есту арқылы, құлағы естімейтін адам көзбен көру арқылы жүректен ұғынатын дүние болу керек» деген сөзін мысалға келтіріп, театрдың тәрбиелік мәніне тоқталды әрі жас­тардың шығармашылық бастамаларына қолдау көр­се­­тілетінін айтты.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде – М.Әуезов атындағы педа­гогикалық колледждің «Ес Аймақ» студенттік театры, II орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» жас­тар театры, III орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Үркер» өнер орталығы иеленсе, арнайы аталымдар бойын­ша: «Үздік режиссура» – Ислам Әзизов, «Үздік ер адам бейнесі» – Ғизат Темірлан (Бизнес және сервис жоғары колледжі), «Үздік әйел адам бейнесі» – Анель Ақтаева (Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ) марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған барлық жеңімпазға қар­жылай сыйлықтар мен сертификат табысталды.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью