Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. ТЖМ қызметкерлері су айдындарында 600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.
Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар мен адам өлімінің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған "Қауіпсіздік азимуты" республикалық профилактикалық акциясы өтіп жатыр.
"Акция аясында 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олар бойынша жалпы сомасы 9 446 231 теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді ведомство.
ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін пайдалануға, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шықпауға шақырады.