Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
— «Қазгидрометтің» мәліметінше, бес өңірде қауіп бар, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстары. Осыған дейін төрт облысты аралап шықтым. 30-дан астам елді мекенде қауіп сақталып тұр. Бұл тұрғыда қауіпті жағдай Ақмола және Абай облыстарында болуы мүмкін, — деді Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Оның айтуынша, қазір өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр.
— Өңірлерге барғанда тиісті әкімдерге тапсырмалар берілді. Осы ретте бөгеттер мен арықтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан 30 астам елді мекенде бұл іс-шаралар қарқынды іске асып отыр. Былтырмен салыстырғанда Ақмола облысында түскен қардың көлемі көбірек, — деді Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, жақында «Қазгидромет» қай өңірлерде су тасқыны қаупі жоғары екенін мәлімдеді.