Су қауіпсіздігі: стратегиялық міндет һәм нақты нәтиже

18.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Министрлік жүзеге асы­рып жат­қан негізгі жүйе­­­лі шаралар бойынша су инф­ра­құрылымын жаң­ғырту, суды тиім­ді пайдалану, су үнемдеу тех­но­логияларын ен­гізу және су ма­мандарын даярлау, сон­дай-ақ кли­маттың өзгеруі жағ­дайында қауіп­сіздікті қамтамасыз ету жос­пар­ланған. 

Су ресурстары және иррига­ция министрлігінің хабарлауын­ша, су үнемдеу технологияларын кеңі­нен енгізу арқылы эко­но­ми­ка­ның бар­лық секторында су ре­сурс­та­рын пайдалану тиім­ді­лі­гін арттыру ба­сым міндет сан­а­ла­ды.

– Бұл бағыттағы ең үлкен әле­ует ауыл шаруашылығы сала­сын­да шо­ғырланған. Өйткені ел­д­егі жал­­пы су тұтынудың шамамен 60%-ы осы салаға тиесілі. Қабыл­да­­нып жат­қан шаралар су үнем­деу тех­но­логиялары қол­даны­ла­тын алқап­тар­дың тұрақты түрде ұл­ғаюына мүм­кіндік беріп келеді. Бұрын мұн­дай алқаптардың жыл сайын­ғы өсімі 30-35 мың гек­тар­ды құра­са, 2024-2025 жылдары бұл көрсет­кіш 150 мың гектардан ас­ты (2024 жы­лы – 153 мың гек­тар, 2025 жы­лы – 154 мың гектар).

Осының нәтижесінде су үнем­­деу технологияларын енгізу қар­­қы­ны шамамен 5 есеге артты. 2025 жыл­дың қорытындысы бойын­ша мұн­да­й технологиялар қол­даны­ла­­­­­тын егіс алқабының кө­­­­лемі 543,5 мың гектарға жетіп, 874 мил­лион тек­ше метрге жуық суа­ру суын үнем­деуге мүмкіндік берді.

2030 жылдың соңына дейін су үнем­деу технологиялары енгізі­ле­тін алқап көлемін 1,3 миллион гек­­­­­тарға дейін жеткізу жоспар­ла­нып отыр. Бұл 2,2 миллиард тек­ше метр­ге жуық суару суын үнем­деуге мүм­кіндік береді, – деді Су ре­сурс­тары және ирригация ви­це-ми­нистрі Талғат Момышев.

Оның айтуынша, осы мақ­сат­қа қол жеткізу үшін 2026-2028 жыл­­­­дарға арналған республи­ка­лық бюджетте 228 миллиард тең­ге­ден астам қаржы қарастырыл­ған. Бұл алдыңғы үш жылмен са­лыс­тыр­ғанда төрт есе көп.

Сонымен қатар енгізілген өз­ге­­­­­рістерге сәйкес, жалпы сипат­та­ғы трансферттер (ЖСТ) есебі­нен шығындарды өтеу үлесін 80%-ға дейін ұлғайту мүмкіндігі қа­рас­ты­рыл­ған. Бұл ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өндірушілер үшін мем­ле­кеттік қолдаудың қол­жетімділігін арт­тыра түседі. Со­ны­мен қатар елі­міздегі жалпы су тұ­тынудың ша­мамен 30%-ы тие­сі­лі өнеркәсіп саласына да ерек­ше назар ауда­ры­лып отыр. Жаңа Су кодексіне сәй­­­кес, өнеркәсіп кә­сіпорындары же­ті жыл ішінде ке­зең-кезеңімен ай­налымды жә­не қайталама сумен жабдықтау жүйе­сіне көшуге тиіс. Бұл 2030 жыл­ға қарай суды қайта пайда­лану үлесін 28%-ға дейін жет­кізу­ге мүмкіндік береді.

– Министрлік өнеркәсіптік су пай­даланушыларға толық тү­ген­­деу жүргізді. Қазір кәсіп­орын­дар­­мен бірлесіп, өндірістік тех­но­­ло­гия­лардың ерекшеліктері мен жаң­ғырту мүмкіндіктерін ес­­кере оты­рып, жеке көшу жос­пар­лары әзір­леніп жатыр. 2025 жыл­дың мау­сым айынан бері осын­дай 168 жос­пар дайындалды. Осы жос­пар­ларды орындау ар­найы су пай­да­лану үшін берілген рұқ­сат етілген су көлемін сақтап қалу­дың мін­дет­ті шарты болады, – деді Т. Мо­мы­шев.

Қазір министрлік техно­ло­гия­лық және реттеуші шаралар­мен қа­тар, тұрмыста суды ұтымды пай­­­далану мәдениетін қалып­тас­ты­ру бағытында да жүйелі жұ­мыс­­тар жүргізіп жатыр. Талғат Мо­­мы­шевтің айтуынша, суды ұтым­ды пай­далану бағытында үнем­деудің не­гізгі тәсілдерін қам­титын әдіс­темелік ұсыныстар бе­кітілді. Сон­дай-ақ суды ұтым­ды тұтынудың тиім­ділігін көрнекі есептеулер мен практикалық мы­сал­дар арқы­лы көрсететін талда­ма­лық зерттеу әзірленді.

Жалпы, суды тиімді пай­да­лану жә­не үнемдеу ба­­ғытындағы жұ­мыс­­тардың та­быс­ты болуы ең ал­­­­дымен қоғам­дық са­наның өз­геруі­не, тұрғын­дар­­дың суды пай­да­лану мә­­­­де­­ние­тінің қалып­тасуы­на бай­ланысты. Сон­дықтан тұр­­ғын­дардың, әсіресе өскелең ұрпақтың суға ұқыпты қарау мәдениетін қа­лыптастыруға ерекше көңіл бө­лініп отыр. Бұл бағытта 2025 жылы «Таза Қазақ­стан» жалпыұлттық ак­циясы ая­сында тақырыптық эко­логиялық сабақтар ұйым­дас­тыры­лып, шара 2 миллионға жуық оқушыны қам­тыды.

2026 жылы бұл жұмыс жүйе­лен­­діріліп, ауқымы кеңейтілді. Бү­­гінде 19 жоғары оқу орнында, 100 колледжде және 2,5 мың мек­теп­­те кездесулер өткізіліп, 3,3 мил­­­­­лион­нан астам адам қамтыл­ды. Бұл Қа­зақстандағы мектеп оқу­шы­ла­ры­ның шамамен 80%-ын құрай­ды.

Жаңа оқу жылында бұл жұ­мыс­­тар жалғасып, қатысушылар­дың қамту ауқымын одан әрі ұл­ғайту көзделген. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстардың ау­қы­­мын кеңейту мақсатында ми­нист­р­лік «Мөлдір бұлақ» эколо­гия­­лық акциясын өткізіп жатыр. Ак­ция бұлақтар мен су айдын­да­рын тазалау және абаттандыруға ба­ғытталған.

– Бүгінде акция аясында 36 бұ­­лақ пен 27 су нысаны қам­ты­лып, оған 12,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 900-ден астам ерік­ті қа­тысты. 11 шілде айында ак­ция­ның екінші кезеңінде елі­міз­дің қал­ған 12 облысында ұйым­дас­ты­рылып, 58 бұлақ пен 35 су нысаны тазаланды. Оған 11 мыңнан астам адам қатысты.

Сонымен қатар бұлақтарды сақ­­тау және оларды ұтымды пай­да­­лану жұмыстарын жүйелеу мақ­­са­тында 2 772 бұлақты қам­ти­тын ар­найы карта әзірленді. Су ре­­сурстары тапшылығы жағ­дайын­­да бұлақтар сумен қамта­ма­сыз етудің қосымша көзі ретін­де қарастыры­лып отыр.

Ұлттық гидрогеоло­гия­лық қызмет еліміздің барлық өңі­­рін­де бұлақтарды паспорттау жә­не цифрлық есепке алу жұ­мыс­тарын жүр­­гізіп жатыр. Бұл жұ­мыстар ал­ды­мен Жамбыл об­лы­сында бас­та­лып, кейін Алматы об­лысы мен Жетісу облысында жал­ғаса­ды, – де­ді вице-министр Тал­ғат Момы­шев.

Су саласындағы өзекті мә­се­ле­­­­лердің бірі кадр жетіспеушілігі бол­­са, бұл бағытта да министрлік ұтым­­ды шешімдер қабылдап, нақ­­ты жұмыстарды жүзеге асы­рыуды. 

Су ресурстары және ирри­га­ция вице-министрі Талғат Мо­мы­­шев­тің айтуынша, Мемлекет бас­­шы­сының тапсырмасы ая­сын­да кадр мә­селесін шешу үшін Тараз қала­сын­да Қазақ ұлттық су шаруа­шы­лы­ғы және ирригация универ­си­теті құрылды. Нәти­же­сінде су са­ласына маман даярлай­тын оқу орындарының саны 2023 жылғы 9 жоғары оқу орны мен 6 кол­ледж­ден 13 жоғары оқу орны мен 10 тех­­­никалық және кәсіптік білім беру ұйымына дейін өсті.

– Жыл сайын су саласындағы ма­­мандықтарға бөлінетін мем­ле­кет­­тік білім гранттарының саны ар­­­тып келеді. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылына – 262 грант, 2024-2025 оқу жылына – 390 грант, ал аяқталған 2025-2026 оқу жылына 1000 грант бөлінді. Қазір Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі келесі оқу жылына да осындай көлемде грант бөлу мә­селесін пысықтап жатыр.

Жыл сайын су маман­дық­тарына түсетін сту­дент­тердің саны да тұрақты өсіп ке­ле­ді. Мысалы, 2023-2024 оқу жы­­­­лында 291 студент қабылданса, биыл бі­­рінші курсты 1000 студент аяқ­та­ды, – деді ол.

Студенттердің өндірістік тә­жіри­беден өтуіне де ерекше көңіл бө­лініп келеді. Осы мақсатта бар­лық жоғары оқу орындарымен «Қаз­сушар» РМК базасында өн­ді­рістік тәжірибеден өту туралы ме­морандумдар жасалып, 2024 жы­­лы тәжірибеден 82 студент, 2025 жылы 470 студент өтті. Ал биыл кәсіпорындарда 700-ден ас­там студент өндірістік тәжі­ри­бе­ден өтіп жатыр.

Еліміздің алыс аудандары мен шалғай ауылдарын қа­­­жетті білікті кадрлармен қам­та­масыз ету бағытындағы «Сер­пін», «Дипломмен – ауылға!» ат­ты бағдарламалар аясында да бір­қатар мәселе шешімін тауып отыр. Мәселен, 2024 жылы «Дип­лом­мен – ауылға!» мемлекеттік бағ­дарламасына алғаш рет су са­ласының мамандықтары ен­гі­зіл­ді. Министрліктің баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, 2025 жылы «Қазсушар» РМК Жамбыл фи­лиа­лының екі жас маманы мем­ле­кеттік қолдау аясында баспана­мен қамтамасыз етілді.

Салада халықаралық білім бе­ру ынтымақтастығы да кеңейіп келеді. 2025 жылы Қытай Халық Рес­публикасында қабылдаушы та­раптың қаржыландыруымен 125 маман біліктілігін арттырды. 2026 жылы мамыр айында тағы 34 қызметкер біліктілігін арттыру кур­сынан өтті. Жалпы, 2026 жы­лы Қытайдағы әріптестермен жа­салған келісім аясында 200 ма­­манды оқыту жоспарланған. Ат­қарылып жатқан бұл жұмыс­тың барлығы ең алдымен салада кадр тапшылығын кезең-кезеңі­мен азайту, білікті мамандарды тұрақ­тандыру және стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы ны­сандарын пайдалану жауап­кер­шілігін күшейту бағытындағы қа­дау-қадау қадамдар екені сөз­сіз.

Ал халықаралық және ин­вес­ти­циялық ынтымақтастықты кеңейту бағытында да министр­ліктің өз есебі бар. Атап айтар бол­сақ, су саласының негізгі ка­пи­талына салынған инвестиция­лар көлемі 2024-2025 жылдары 676,7 млрд теңгені құрап, 2021-2023 жылдардағы көрсеткішпен са­лыстырғанда, 107 млрд теңгеге ар­тық инвестиция тартылған. 2021-2023 жылдардағы ин­вес­ти­ция көлемі 569 млрд теңгені құра­ғ­ан екен.

Талғат Момышевтің айтуын­ша, шетелдік серіктестермен 9 ке­лісім және өзара түсіністік пен ын­тымақтастық туралы 44 ме­мо­ран­дум жасалып, 15,9 млн АҚШ дол­лары көлемінде гранттық қара­жат тартылған.

Сонымен қатар халықаралық ын­тымақтастық тек қаржылық қол­даумен  шектелмей, заманауи тех­нологияларды енгізу, су шаруа­шылығы нысандарын авто­мат­тан­дыру, кадрлық және сарап­шы­лық әлеуетті нығайту, озық тә­­­жірибені трансферттеу секілді кешенді жоспарды қамтиды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью