Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Флоридадағы әдеттегі дайвинг 40 жастағы америкалық үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Жағалаудан шамамен 50 шақырым жерде оған акула шабуыл жасап, екі білегін де тістеп үлгерген. Ер адамды судан тез шығарып алып, қанды тоқтату мүмкін болды, - деп хабарлайды Tengri Travel.
"Көмектесіңіздер! Мені тістеп алды!"
Оқиға туралы қайық капитаны Джейкоб Джонсон Fox 10 журналистеріне айтып берді. Ол үш досымен бірге аквалангпен сүңгу үшін Готьеден Пенсакола бағытына қарай аттанған.
Шабуылдан дейін де дайверлер акулаларды бірнеше рет байқаған.
"Су астында бізде бірдеңе дұрыс емес сияқты үрейлі сезім болды. Менің өзім сол күні акулалармен үш рет бетпе-бет келдім. Тіпті екі жағдайда қасымда балық та болған жоқ - жыртқыштардың бірі мен сүңгіп бара жатқанда мылтығымды қармап алды", - деді Джонсон.
Кейін суға сүңгу кезінде жыртқыш оның достарының біріне шабуыл жасаған. Сол сәтте Джонсон дайверлердің біріне қайықта киімін ауыстыруға көмектесіп жатқан.
"Мен жігіттердің біріне киінуге көмектесіп жатқанмын, кенет: "Көмектесіңіздер! Мені тістеп алды!" деген айқай шықты. Қайықтың ернеуінен төмен қарасам - жараланған адамның айналасындағы су қып-қызыл. Сезімге ерік бермей, бірден суға секірдім", - деді Джейкоб.
Бұқа-акула ер адамның екі білегін де тістеген. Ол судан өздігінен шыға алмады.
"Бәрі өте ұйымдасқан түрде әрекет етті. Бір жігіт жгут жасау үшін бірден көйлегін шешті, екіншісі қан тоқтататын арнайы құралды алып шықты. Мен жгут салып, оны бекіттім. Досым: "Өте қатты ауырып жатыр!" деп айқайлады, бірақ мен оны одан сайын қаттырақ тарттым", - деді Джейкоб.
Дайверлердің бірі Жағалау күзетін шақырып жатқанда, қалғандары жараланған адам шоктан есінен танып қалмауы үшін оны сөзге айналдырған.
Құтқарушылар қайықты тез тауып, зардап шегушіні алып кетті және жағаға жеткізді, ол жерден жігіт тікұшақпен шұғыл түрде Пенсакола ауруханасына жөнелтілді.
Онда хирургтар жаралының қолдарын сақтап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, акула бір білегіндегі артерияны зақымдаған, ал екіншісіне ондаған тігіс салуға тура келген.
Зардап шегушінің қазіргі жағдайы40 жастағы дайвер есімін атамауды өтінді. Ол акуламен болған қанды кездесуден кейін әлі де Пенсакола ауруханасында емделіп жатыр.
Ол бір отадан өтті және біртіндеп есін жиып келеді.
Ең таңғаларлығы - бұл топтың ешқайсы өз әуесін тастауға ниетті емес. Джонсонның айтуынша, қорқыныш олардың сағын сындыра алмады: досы аяғынан тік тұрған бойда, олар бүкіл командасымен тағы да тереңдікке аттанбақ.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу