Су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

22.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды.

2024-2025 жылдары инвестиция көлемі алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79%-ға өсті. Бұл 2022-2023 жылдармен салыстырғанда шамамен 300 млрд теңгеге көп.

"Ол кезде су саласын дамытуға 377,9 млрд теңге инвестиция тартылған болатын. Тартылған инвестициялар ең алдымен су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталып жатыр. Атап айтқанда, халық пен ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар қамтылған", - дейді Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.

"Инвестициялар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға, яғни су қоймаларын, каналдар мен басқа да нысандарды салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға тартылады. Бұл ретте халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды көздейді", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью