Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Іс-шара 22 сәуірде Астанада ұйымдастырылатын Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитіне орайластырылған. Дөңгелек үстелде алғаш болып сөз алған институт директоры Жавлон Вахабов өңірдегі су тапшылығы алдағы жылдары экономиканың дамуын тежейтін негізгі факторға айналатынын атап өтті.
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform— Орталық Азиядағы су тапшылығының келешекте одан әрі күрделене түсетінін барлық тарап жақсы түсініп отыр. Сарапшылардың пікірінше, 2040 жылға қарай өңірдегі кейбір елдерде су ресурстарына деген қажеттілік 3 есеге дейін артуы мүмкін. Уақыт өте келе экономикалық шығындар аймақтың ішкі жалпы өнімінің 11%-на дейін жетуі ықтимал, - деп мәлім етті Жавлон Вахабов.
Оның сөзінше, қазіргі сын-қатерлер мен тәуекелдер елдерді біріктіретін маңызды құралға айналуы тиіс. Сәйкесінше, Халықаралық Аралды құтқару қоры шеңберінде күш жұмылдыру маңызды.
Фото: Әлихар Асқар / KazinformФото: Әлихан Асқар/Kazinform— Орталық Азия елдері әлі де Халықаралық Аралды құтқару қорының бірыңғай өңірлік алаң ретіндегі рөлін әлсірететін және оның үйлестіруші орган ретіндегі әлеуетін шектейтін бірқатар кедергілерге тап болып отыр. Негізгі тәуекелдердің бірі - су шаруашылығы мен энергетика саласы арасындағы өзара байланыстың күшеюі, климаттың тез өзгеруі және оның су ресурстарына әсері. Әсіресе, тіршілік нәріне энергетика мен ауыл шаруашылығы секорлары айтарлықтай тәуелді. Осы және басқа да өзекті факторлармен қатар, Ауғанстандағы ахуал да маңызды рөл атқарады. Аталған ел суды пайдалануға толық құқылы және бұл ресурсты әлеуметтік-экономикалық дамудың өмірлік маңызды элементі ретінде қарастырады, - деп тоқталды Орталық Азия халықаралық институтының директоры Ж.Вахабов.
Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын ғарыштан бақылау жүйесін енгізуді талқылап жатыр.
Сонымен қатар, таяуда Kazinform агенттігіне сұхбат берген өзбекстандық сарапшы Илхом Бегматов аймақтағы су тапшылығын шешу үшін ОА елдері ортақ мүддеге жұмылуы қажет екенін айтты.
Жақында Ташкентте өткен Water week форумында сөз сөйлеген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан су шаруашылығы саласындағы ұлттық саясатты үнемі жетілдіріп жатқанына тоқталды.
Сондай-ақ ол Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніне суды есепке алатын құрылғыларды орнатып жатқанын мәлім етті.
Мұнымен бірге министр биыл сәуірде елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Астана декларациясы қабылданатынын айтты.