Су тасқыны бойынша нақты болжам 1 наурызда дайын болады вице министр

24.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— 1 ақпанда «Қазгидромет» РМК алдын ала болжам жариялады. Осы болжамға сәйкес, тасқын су қаупі жоғары аймақтар қатарында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. 1 наурызда «Қазгидромет» тағы да нақтыланған болжам ұсынады. Сол кезде нақты қандай өңірлерде қандай қауіптер бар екені айқын көрінеді, — деп жауап берді Нұрлан Алдамжаров тілші сұрағына.

Гидротехникалық құрылыстар бойынша барлық нысан су тасқыны кезеңіне дайын. Қажетті тексерулер толық жүргізілген. Су қоймаларында шамамен 14,5 млрд текше метр көлемінде бос орын бар.

— Ал «Тасқын» ақпараттық жүйесіне қатысты жұмысты Жасанды интеллект министрлігі жүргізеді. Біз су қоймаларының жұмыс режимдері жөнінде деректерді күн сайын енгізіп отырамыз. Осы мәліметтер негізінде министрлік мамандары модельдеу жүргізеді және су тасқыны кезеңі алдында тиісті болжамды бізге береді, — деді вице-министр.

Бұған дейін Нұрлан Алдамжаров Солтүстік Аралды сақтау жобасына Қазақстан қанша қаражат бөлгенін айтқан еді.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью