Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбеде су нысандары әуе шолуы арқылы бақыланды

02.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ведомство мәліметінше, оның барысында су қоймаларын кешенді тексеру ұйымдастырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, ТЖД басшылығы және «Қазсушар» РМК өкілдері Ақтөбе, Қарғалы және Мағаджан су қоймаларының су жинау аймақтарын жергілікті бақылау мен әуе мониторингін жүргізді.

Фото: ТЖМ

— Сондай-ақ тексеру тобы Ырғыз ауданы аумағын да әуе шолуымен қарап шықты. Арнайы назар гидротехникалық нысандардың жағдайына, қар қаптамасының деңгейіне, сондай-ақ өзендердің салаларының жағдайына аударылды, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Ақтөбе қаласында тасқынға қарсы күрес жұмыстарына 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалатыны белгілі болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью