Су тасқынының шыңы: Ақмола облысында жағдай қалай?

07.04.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі айтарлықтай бәсеңдеді, ахуал тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі тәулік бойы мониторинг жүргізіп, барлық өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ТЖМ

1 наурыздан бастап ТЖМ жанынан су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар әр өңірде азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардың іс-қимылын үйлестіретін облыстық штабтар құрылған.

Қазіргі таңда елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталуға жақын, ал негізгі қауіп Ақмола облысында тіркеліп отыр.

Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары тұрақты бақылауда тұр.

Су тасқынының салдарын болдырмау үшін кең көлемді алдын алу шаралары қолға алынған. Атап айтқанда:

9 млн-нан астам текше метр қар шығарылды; 1,3 млн-нан астам текше метр еріген су сорылды; 79 мыңнан астам қап және 103 мың тонна инертті материал төселді; 1,9 млн метрден астам арықтар мен каналдар тазартылды; 5 мыңнан астам уақытша бөгендер тұрғызылды.

Сонымен қатар 43 әуеден барлау жүргізіліп, 305 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді.

Су тасқынының шарықтау шегі Ақмола өңірде өтіп жатырҚорғалжын ауданындағы «Шөптікөл» бөгетінің ішінара бұзылуы дер кезінде қалпына келтірілді, елді мекендерге қауіп жоқ. Сондай-ақ Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ескі Қалқұтан ауылына кіреберіс уақытша жабылды, бірақ елді мекенге қауіп жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. 28 мың қап дайындалды, 10 мың қап төселді; Есіл өзені бойына 2 мың метр полиэтилен төсемі төселді; Әуеден қар қоры мен су нысандары тексерілді; Жағдай толық бақылауға алынған.  Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ әскери бөлімдері су тасқынына қарсы жұмыстарды аяқтады. 4,9 км арық тазартылды; 6 көпір, 2 канал және 27 су өткізу нысаны тазартылды; 1220 қап инертті материал қолданылды. Қостанай өңірінде су тасқыны жағдайы тұрақты, су деңгейі қауіпті межеден аспайды, су басу фактілері тіркелмеген.

Абай және Қарағанды облыстарында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталып, жағдай тұрақты. Абай облысында қар жамылғысы шамамен 8% ғана, өзендер штаттық режимде.

Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты

Су тасқынымен күреске 700-ден астам адам, 227 техника, 40 мотопомпа және 5 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар әскери бөлімдер Солтүстік Қазақстандағы қауіпті учаскелерде шоғырланған.

Қазіргі таңда елдегі су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда, негізгі қауіптер азайтылған. Дегенмен гидрологиялық мониторинг тәулік бойы жалғасуда, ал барлық қызметтердің жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Су тасқынының шыңы: Ақмола облысында жағдай қалай?

Қоғам • Бүгін, 13:13

LRT желісінде 15 пойыз қатынайды

Елорда • Бүгін, 12:53

Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды

Әлем • Бүгін, 12:45

«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті

Бағдарламалар • Бүгін, 12:30

Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды

Энергетика • Бүгін, 12:15

«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ

Энергетика • Бүгін, 12:04

Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 11:55

Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады

Аймақтар • Бүгін, 11:48

Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін

Экономика • Бүгін, 11:31

Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді

Бокс • Бүгін, 11:16

Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Қоғам • Бүгін, 11:13

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 11:03

Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?

Өндіріс • Бүгін, 10:53

Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды

Ата заң • Бүгін, 10:43

122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью