Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы – жаңа кәсіптік нысандарды ашуға қолайлы орын. Кейінгі жылдары аталған аймақтан өз кәсібін көргісі, өркендеткісі келетіндер саны көбейіп келеді. Үкімет қаулысына сәйкес биыл «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағының 10 мың гектарға дейін ұлғайтылуы да сұраныс пен қызығушылықтың бар екенінің дәлелі.
Жақында экономикалық аймақтан жағымды жаңалық жетті, мұнда су тазарту сүзгілерін шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды. Жоба импортты алмастыруды, отандық өнім үлесін арттыруды мақсат еткен. Күнделікті тұтынатын суды сүзіп ішу – ақтаулықтар үшін өзекті мәселе. Сондықтан мұндай кәсіпорынның іске қосылуы өңірдегі маңызды бастамалардың бірі болды.
«Аква Фильтер» ЖШС жүзеге асыратын өндірістің жылдық қуаты 160 мың сүзгіш элементті құрайды. Жобаның құны – 100 млн теңге, ал жоспарланған жылдық өндіріс көлемі 617,5 млн теңгеге жетеді. Қазір кәсіпорында 15-тен астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат та – отандық өнім. Полимерлік гранулалар Атыраудан жеткізіліп, Ақтауда өңделеді. Өндіріс орнының өнімі – сүзгіш элементтер тұрмыста, медицинада және мұнай-газ саласында қолданылады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өндірушілерді қолдау мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы саясатының нәтижесін сезініп отырмыз. Арнайы экономикалық аймақта кәсіпорындарға бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылған. Бүгінде біздің кәсіпорын – өңірдегі су сүзгіш элементтерін шығаратын жалғыз өндіріс орны. Қуатымыз тәулігіне 4 мыңнан астам өнім шығаруға жетеді, – дейді «Аква Фильтер» ЖШС басшысы Амангелді Тасқымбаев.
Оның айтуынша, арнайы экономикалық аймақта кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасалған. Арнайы экономикалық аймақ өз көкжиегін кеңейте түспек, яғни алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ атқарушы директоры Гүлмира Әбішеваның айтуынша, аймақта басым қызмет түрлері кеңейтілген.
– Енді өңдеу өнеркәсібімен қатар туризм, ауыл және балық шаруашылығы, өзге де бағыттарда жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Биыл жалпы құны 158,6 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске қосылады, – деді Г.Әбішева.
Оның айтуынша, бұл 16 инвестициялық жоба іске қосылғанда 1800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады екен. Қазір өнеркәсіп, логистика, туризм мен инфрақұрылым бағыттарындағы нысандарда құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп, қажетті өндірістік жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр. Жалпы, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ аумағында жүзеге асқан әрбір ірілі-ұсақты жаңа өндіріс орындары – ел экономикасына қосылған үлес болмақ.
Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Саясат • Бүгін, 08:02
Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы
Саясат • Бүгін, 08:00
Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Саясат • Бүгін, 07:55
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Саясат • Бүгін, 07:50
Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді
Әлем • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше