Субсидия: неден ұттық, неден ұтылдық?

07.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы таяуда­ғы Үкіметтің кеңейтілген отыры­­сын­да шаруаларды қол­дауда ашықтықты қамтамасыз етіп, субсидиялау үдерісін цифрлан­дырып, шаруалардың міндетте­мелерін бақылауға алу қажеттігін  жеткізді.

– Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек. Қазір бұл жүйенің күмәнді, көлеңкелі тұсы көп. Үкі­мет жыл соңына дейін ақпа­раттық жүйелерді кіріктіру жұ­­мыс­ын аяқтауға тиіс. Бұл қадам субсидиялау үдерісін цифрлан­дырып, шаруалардың міндетте­мелерін бақылауға алуға мүмкін­дік береді, – деді Президент. 

АШМ дереккөздеріне сүй­ен­­сек, 2023 жылы Қазақстан­ның агроөнеркәсіп кешенін суб­си­дия­лауға шамамен 500 млрд тең­ге, 2024 жылы 450 мил­­лиард теңге, 2025 жылы  622 миллиард теңгеге дейін субсидия бөлінді. Осыл­айша, жыл сайынғы субсидия­лық қол­дау артып, шаруаларға ед­әуір серпін беру көзделеді.

Сонымен қатар Ауыл шар­уа­­шылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өткен жолғы Шығыс Қазақстан өңірінің шаруа­лары­мен кездесуінде субсидия мөл­шерінің тағы да ұлғаятынын баян­даған болатын. Ол ауыл шаруашлығына бөлінетін суб­си­­дия көлемі 2026 жылы 658 млрд теңге, 2027 жылы 725 млрд тең­­геге жететінін мәлім­деген. Яғни, қаржы көлемі артты, демек жау­ап­кершілік те күшейгені абзал.

Бізде аграрлық саланы қол­дау, біршама жолға қойылған. Дәлірек айтқанда, техника алуға 15-30% дейін өтемақы, тың­айтқыш, тұқым, суару шы­ғын­дарына субсидия, асылтұ­қымды малға қолдау, жеңілде­тілген несие (көктемгі егіс, а­й­­на­­лым қаражаты), сақтан­дыру жарнасының бір бөлігін өтеу сияқты қолдаулар бар. Көп фермерлер үшін бұл нақты шы­ғынды азайтатыны айқын.

Осылайша, елде агросек­торды дамыту біраз жүйелеген сияқты. Ал мал шаруашылығы тәрізді бағыттар әлі күнге дейін бірізділікке түспеген көрінеді. Тері өндірушілер қауымдас­тығының төрағасы Нұрман Нүптекеевтің сөзіне қарағанда, дербестік алған шақ­тан бастап, тері өңдеу саласында субсидия берілмепті. Атқа­мінерлер тері өндірушілерге қол­дау бола­тынына ұдайы иландырып келеді екен.

– Субсидия тері өңдейтін кә­сіпорындарға тәуелсіздік алғалы бері ешқашан беріл­меген. Кедендік баж салығы, бізде бол­ған жалғыз жеңілдік, былтыр ал­ын­ып тасталынды. Басқа ар­найы жеңілдік әзірше жоқ, бірақ естуші Үкіметтен үмітіміз жоқ емес. Отандық тері өңдеушілерге субсидия қарас­тырамыз деген әңгіме бар. Баж салығын алып тастағаннан кей­ін отандық өң­деу­шілерді қолдау мақсатында субсидия қарас­тырған жөн деп санаймыз, – деді қауымдастық төрағасы. 

Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат портал­ында, «Басым дақылдар өнді­рісін дамытуды субсидиялау», «Тыңайтқыштарды субсидия­лау», «Су беру бойынша көрсе­тілетін қызметтердің құнын субсидиялау» және «Саны зиян тигізудің экономикалық шегі­нен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, каран­тинді объектілерге қарсы өңдеу­лер жүргізуге арналған пести­цид­тердің, биоагент­тердiң (эн­то­мофагтардың) құ­нын суб­сидиялау (бұдан әрі – пес­тицид­тердің, био­агенттердiң (энто­мофагтардың) құ­нын суб­сидиялау)» тиiстi қар­жы жергiлiктi бюджетте көз­делген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатыны жайында жеке-жеке қағида­лары жазылып тұр. Яки, шаруа өз күші арқылы онлайн өтініш білдіруге толық мүмкіндік бар. Ал цифрлық жүйені білмей­тіндер сол баяғы әдіспен жер­гілікті атқару меке­мелеріне барып кеңес алса бола­тын көрінеді.

Абай облысы кәсіподақ орта­­лығының төрағасы, QAZAQ AQBAS республикалық пала­тасы директорлар кенесінің мүшесі Қуаныш Сүлейменов мемлекет тарапынан субси­диялық қолдау жеткілікті деп отыр. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейінгі шаруа­ларға төлен­беген субсидиялар, жал­ған құ­жат жасау секілді мәсе­ле­лер ғана субсидияның жолын бай­лап тұрғанға ұқсайды. Ол субси­дия бөлудің механизмін жолға қой­ған Ресей, Беларусь тәжіри­бесін де игеру қажет деп санай­ды. 

– Мемлекет тарапынан шаруа­ларды субсидиямен қол­дау жүзеге асып келеді. Десе де, берілу тетіктерін біршама жаң­арт­қан жөн. Бір жақсысы, шаруа бұрынғыдай құжат арқа­лап жүр­мейді, субсидия цифр­лық жүйе­мен төленеді. Фер­мерлер субси­д­ияға қол жет­кіз­ейін десе, өткен жылдардан қалған 350 млрд тең­геге жуық субсидия әлі тө­лен­бепті. Оны көктемгі жұмыс науқаны бас­талмай тұрып жап­қан дұрыс. Берешекті салалық министрлік жабатынына сен­дірді де. Бұл арада жоқ төлін тіркеп, жалған құ­жатпен субсидия алатындар­мен күрес  күшеюі қа­жет. Әйт­пе­се, шынайы жұмыс істеп тұрған шаруаларға зияны тиеді. Ша­ғын және орта кәсіппен шұ­ғыл­данатын шаруаларға да суб­сидия беру жолын қарастыр­ма­сақ, назардан тыс қалуда. Соны­мен қоса, 1 трлн-ға жуық ауыл шаруашылығын қолдауға қаржы бөлу жоспары бар екен. Бұл қуантарлық жағдай. Сон­дай-ақ мал шаруашылығын дамытуға «Игілік» бағдарла­масы қосылса, үлкен қолдау болмақ. Қазір асыл­тұқымды қойға 26 мың тең­ге, асылтұ­қым­ды отандық тай­ынша сатып алсаң 260 мың тең­ге, ал шетелдік сиырға 420 мың тең­геге жуық ақша қарас­тырылған. Жалпы, отандық мал басын шет­елдік тұқымнан жо­ғары қоймаған жөн. Ең негізгісі, Үкі­меттен АӨК қолдауға бөлін­ген қаражатты министрлік, әкім­дік, жергілікті атқарушы органдар фермерлерге шын жаны ашып үлестірсе, сала тұраламайды. Ресей, Беларусь ет-сүт бағытындағы өнімі шет­ел нарығына енгенше, субси­диямен қолдайды. Бәлкім, біз де осыны ескеруіміз керек шы­ғар. Осыдан 5-6 жыл бұрын ауыл халқының саны 42 пайыз­ды құраса, қазір 37 пайызға азайды. Демек, ауылда жұмыс істеп тұрған шаруа­қожалық­тар­ды субсидия­мен, жеңілдетілген несиемен қолдасақ, қалаға ағыла­тын ур­бан­изация да теже­леді, азық-түлік қоры да  мол бол­а­ды, – деп пайымдайды кәсіподақ орталы­ғының  төрағасы.

Ауыл шаруашылығы мин­истрлігінің дерегінше, кез кел­ген ауыл шаруашлығы саласын­дағы кәсіпкерлер субсидия алу­ға өтінім бере алады. Өтінім суб­си­диялау ережелеріне сәй­кес бол­уы тиіс екен. Мысалы, инвес­ти­циялық субсидия алу үшін фер­­мер өз шаруашылығын дамы­туға инвестиция салуы қажет делінген. Яғни, сүт-тау­арлы ферма салған ауыл шаруа­­шы­лығы тауарын өндіру­ші жо­­ба­ның белгіленген құн шегі­нен аспай, жұмсаған қара­жа­тының 25 пайызын қайтара алады. Суб­сидиялау саясатын салалық вед­омства әзірлесе, ал субсидия­ларды беру жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдіктердің құзыретіне бері­ліпті. 

Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігіне қарасты Мал шаруашы­лығы департаменті директоры Бағлан Аймұрзаев субсидияның мән-жайын түсіндіріп берген еді.

– Субсидия – өндірілген өнімге берілетін ақша. Мәсе­лен, 1 литр сүт өндірсеңіз, мем­ле­­кет­тен литріне 30 теңге бері­леді. Президент субсидиялаудан жең­іл­детілген несиеге кезең-кезеңі­мен өту бойынша тап­сыр­ма берген. Оны орындауы­мыз қа­жет. Бізде субсидияны тү­гел жою міндеті жоқ. Көрші Ресей тә­жірибесінде федера­тивтік және өңірлік деңгейде субсидиялап, жеңілдетілген несие беріп қолд­ау білдіреді. Олардың өнімі Қа­зақ­стан на­ры­ғына кіргенде біздікілердің бәсекелесуі қиын болады. Сол себепті де тиімді субсидиялар қалады. Қазір тал­дау сарапта­малық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, кейбір суб­сидиялар қазірге дейін өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Мы­салы, құс шаруашылығында келісіне 60 теңге субсидия бері­леді. Елде 2020 жылы құс етімен қамта­мас­ыз ету 58 пайыз болса, қазір 79 пайызға жеткіздік. Мұны осы субсидиялардың кө­мегі деп білуіміз керек. Өйткені кәсіп­кер несие алған кезде субсидия­ның арқасында қайтарым­дылығын азайтады. Сондай-ақ малды асылдандыру үшін коо­пера­тивтерге субсидия берілген еді. Алайда жемқорлық факті­лері байқалып, заңсыздық бол­ған соң тоқтатылды. Осындай жағ­даяттың бәрін ескере келе, суб­сидия мәселесі әлі де сарап­талу үстінде, – деді департамент директоры.

Қаржы мониторинг агентті­гі деректеріне зер салсақ,  өңір­лер­де субсидияға қатысты бірқатар былықтың беті ашыл­ған. 2023 жылы Жамбыл облыс­ында бірнеше адам шынайы өнім жеткізбестен жалған құ­жаттар арқылы 800 млн теңге көл­емінде субсидия алғаны ан­ық­талған. 2024 жылы «Сыба­ға» мемлекет­тік бағдарламасы аясында «Агр­ар­лық несие кор­порациясы» АҚ Ақтөбе филиа­лынан несие алу кезіндегі 1 млрд теңгегені қолды еткен. Был­тыр Қарағандыда  «Агро­өнеркәсіптік кешенді да­мы­ту» ұлттық жобасы аясында сүт өнім­дерінің бағасын арзан­датуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік суб­сидияларды жымқыру дере­гі бойынша айыптау үкімі шы­ғарылды. Мұндай фактілердің жолы кесілсе де, әзірге түгесілер емес-ті. 

Тоқетері, АӨК-ін субси­диялау ережелеріне өзгерістер кірді. Дәлірек, айналым қара­жатына күту және субсидиялау парағы алынып тасталмақ. Сон­дай-ақ импорттық ауыл­шаруа­­шы­лық техникасына субсидия­лар шектелді. Бұдан былай суб­­сидиядан ішінара жеңілде­тілген 5 пайыздық не­сие­леуге  көшіп, «Даму» қоры арқылы 85 пайызға дейін кепіл­деме бері­леді.  Енді АӨК субси­диялауды eGov.kz арқылы Qol­dau порта­лымен цифрлық жүйеде тікелей өтінім беруге болады. Аталған бастамалар субсидияның нақты іспен айналысып отырған, шаруа­­ларға жетуіне салынған негізгі төте жол іспетті. Егер агро­сек­тор осылай жан-жақты қолдау тапса, халыққа азық-түлік өнім­дері қолжетімді бола түседі, ел қазынасы толығады деген сенім мол.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью