Суды ат арбамен тасыған: алғашқы өрт сөндіру депосы қалай жұмыс істеді фото

19.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бүгінде Қазақстанда өрт сөндіру бекеттері көптеп салынып жатыр. Ал қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы осыдан 161 жыл бұрын Орал қаласында ашылған. Ол кезде өрт сөндірушілер суды ат арбамен тасыған, ал өрт шыққан жерді арнайы мұнарадан анықтаған. Бұл мұнара бүгінге дейін сақталған. Sputnik Қазақстан тілшісі қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосының тарихымен танысып қайтты.

Шилиха өрті

Бұрын Орал қаласында казактар мен көпестер көп тұрған. Үйлердің басым бөлігі ағаштан салынған, көшелері де тар болған. Соның салдарынан қалада өрт жиі шыққан.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

1751 жылы қалада алапат өрт болған. Аңыз бойынша бұл оқиға "Шилиха өрті" деп аталып кеткен. Өрт жергілікті дуагер әйел Шилиханың үйінен басталған деседі. Жұрт одан қорыққан. Сол жылы қала түгелге жуық жанып кеткен. Тұрғындар тар көшелер арқылы Жайық пен Шаған өзендерінің жағасына қарай қашқан.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

1804 жылы қалада алғаш рет брандмейстер, яғни өрт сөндіру қызметінің басшысы лауазымы енгізілді. Осылайша, қазақ жерінде кәсіби өрт сөндіру қызметі қалыптаса бастады. Ал 1865 жылы Оралда алғашқы өрт сөндіру бөлімі ашылды.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Ол кезде өрт сөндірушілер суды Жайық пен Шаған өзендерінен ат арбамен тасыған. Бір бөшкеге 40 литр су сыятын.

Өрт сөндірушілер қатарына дене күші мықты жігіттер қабылданып, оларға жалақы төленген. Әрқайсысы күміспен шамамен 100 рубль алған.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

1879 жылы Оралда үш ірі өрт болған. Алғашқы өрттен қаланың үштен бір бөлігі жанып, 812 үй мен 170 сауда орны күлге айналған. Кейін тағы 350 үй өртенген. Үшінші өрт көпес Расохиннің үйінен басталып, қатты желдің салдарынан қаланың жартысына тараған.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

1905 жылы қалада алғаш рет өрт қауіпсіздігі талаптары енгізілді. Ережеге сәйкес, қаланың орталығында ағаш үйлер салуға тыйым салынды. Пештер мен каминдерді тек мамандардың бақылауымен орнатуға рұқсат берілді. Сондай-ақ үйлердің шатырын төбетаспен жабу талап етілді.

Тұрғындар үйінде өрт сөндіруге қажетті ілгектер мен баспалдақтарды ұстауға міндеттелді. Жазда әр ауланың ішінде су толтырылған бөшке тұруы керек болған.

Аңызға айналған өрт сөндіруші

Оралдағы ескі өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында мұражай ашылған. Оның төрінде аты аңызға айналған өрт сөндіруші Филипп Выровщиктің портреті ілулі тұр. Халық оны "Филипп аға" деп атаған.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

1920 жылы Орал электр станциясында өрт шықты. Тілсіз жаумен күресуге Филипп аға да қатысқан. Сол кезде ол ауыр жарақат алып, бір көзінен айырылған. Арада бес жыл өткенде қалада тағы бір ірі өрт болып, екі квартал отқа оранды.

"Филипп аға өрт сөндіру оқпанымен шатырға шыққан. Су шашып тұрған кезде жанып жатқан бөлмеге құлап кеткен. Денесі қатты күйген. Оны ауруханаға жеткізгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды. Филипп ағамен қоштасуға қаланың барлық тұрғыны келді", – дейді мұражай меңгерушісі Наталья Гуркина.

Өрт сөндіру бөлімі қалай жұмыс істеген?

Оралдағы алғашқы өрт сөндіру бөлімінің ғимараты арнайы мұнарамен бірге салынған. Ол кезде қаладағы үйлердің бәрі аласа болғандықтан, мұнарадан айналаны түгел бақылауға мүмкіндік болған.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

"Түтін шыққанын байқаған кезекші бірден қоңырау соғып, дабыл қаққан. Өрт сөндірушілер төменгі қабаттағы аркалардан ат арбамен шығып, оқиға орнына барған. Ал шағын ғимаратта қол сорғы болған. Оның көмегімен өрт сөндірушілер Жайық пен Шаған өзендеріне бармай-ақ, құдықтан су тартып, бөшкелерді толтырған", – дейді Наталья Гуркина.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Қазір мұнарада кезекші тұрмайды. Дегенмен оның басына шиыршық тәрізді баспалдақпен көтерілуге болады.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мұражайда ескі ойын аппараты да сақталған

Қазір өрт сөндіру бөлімінің мұражайына мектеп оқушылары жиі келеді. Экскурсия кезінде балалар өрттің қаншалықты қауіпті екенін түсінеді. Осы мақсатта мұражайда екі арнайы бөлме жабдықталған.

Бір бөлмеде ер адамның мүсіні қойылған.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Ал екінші бөлмеде сол мүсіннің өрттен кейінгі күйі көрсетілген.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мұражайда кеңес дәуірінен қалған ойын аппараты да бар. Бұрын оған тиын салып, өрт сөндіруші рөлінде ойнап көруге болатын. Қазір аппарат жұмыс істемейді.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мұражайдың іргесінде Орал қаласындағы №5 өрт сөндіру депосы орналасқан. Құтқарушылар заманауи техникамен жабдықталған арнайы гараждарда кез келген уақытта оқиға орнына шығуға дайын.

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

1/4

© Sputnik / Санат Имангалиев

Қазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақ жеріндегі алғашқы өрт сөндіру депосы 1865 жылы ашылды

2/4

3/4

4/4

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью