Суды көп қажет ететін дақылдарды егуге шектеу қойылады

06.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Түркістан облысында суды көп қажет ететін дақылдарды егуге шектеу қойылмақ.

Келер жылы ағын су тапшылығы болуы мүмкін деген болжамға байланысты осындай шешім қабылданды. Өзекті мәселе бүгін Түркістанда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен басқосуда талқыланды. Сала мамандары келер жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелерін пысықтады. Биыл жауын-шашын болмады. Салдарынан көрші елдердегі су қоймаларының табаны көріне бастаған. Ал өңірдегі су қоймаларын көктемгі жауын-шашын есебінен толықтыру көзделуде. Алайда Үкімет басшысының орынбасары көрші елге көз тікпей, қолда бар суды үнемді пайдалануға шақырды. Ол үшін заманауи технологияларды көптеп енгізу керектігін айтты. Келер жылдан бастап жаңа технологияға көшкен шаруаларға берілетін қаражат 4 есеге өсетінін жеткізді. Сондай-ақ жауаптыларға арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Олар екі аптаның ішінде облыстардағы су тұтыну лимиттерін анықтап, сәйкес жоспарлап бекітуі тиіс.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Ауыл шаруашылығы саласында пайдаланып отырған су көлемінің 98 пайызын осы бес облыста пайдаланады. Сондықтан біз осы Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысында екі күн ішінде шаруа қожалықтармен жолығып, осы болжамды назарларына жеткізіп жатырмыз. Одан бөлек Үкімет тарапынан сол жұмыстарды жүйелендіру үшін бірқатар шешім қабылданды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью