Суды жосықсыз пайдаланатындардың деректер базасы жасақталады Бектенов

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Оның сөзінше, биыл ақпан айында суды заңсыз сату мен сатып алудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдауға арналған жол картасы бекітілді.

— Жол картасына сай, аналитикалық жұмыс басталды. Оның аясында өңірлер мен экономика салаларындағы су теңгерімі талданады, суды заңсыз тұтынуы мүмкін топтар анықталады, берілген есептер тексеріледі. Сондай-ақ сектордың есептеу құрылғыларымен қамтылу көрсеткіші, су шаруашылығында қолданылатын құрылыстардың жағдайы, су инспекцияларының бақылау деңгейі талданады. Бұдан бөлек суды жосықсыз пайдаланатындардың деректер базасы жасақталады. Заңбұзушылықтар тіркелген сайын сол базаға енгізіліп отырады, — делінген О. Бектеновтің жауабында.

Жол картасында цифрландыруға ерекше назар аударылған. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігі бірыңғай цифрлық платформа әзірлеп жатыр. Соның арқасында алдағы уақытта келісімшарттар онлайн жасалады және басқа да процестер автоматтандырылады.

Сонымен қатар бассейндік су инспекциялары бақылауды күшейтіп, мамандар суды пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Айта кетейік бұған дейін Сенатта жерасты су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі көтерілгенін жазғанбыз.

Сонымен бірге бассейндік су инспекциялары қандай өкілеттіктерге ие екенін хабарлағанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью