Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Жамбыл облысының Шу ауданындағы "Тасөткел" су қоймасында қайық аударылып, балықшы суға құлап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қырғыз елінің бір топ азаматы қайықпен балық аулауға шыққан. Біраз уақыттан кейін құтқару қызметіне қайықтың аударылғаны және бір адамның суға түскені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағы дереу жеткен. Акваторияны тексеру барысында ер адамды тауып, судан шығарған.
Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.